Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  313


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Жүйткіген заманда-қара жорға,
Асыраған ауылды ала дорба,
Шуылдасқан жұрт мынау – қара қарға,
Ақылдысы ішінде ала қарға.
Қарқылдаумен ұшатын бар қамдары
Өлексені көп табу – армандары,
Жауап таппай шуласқан жанжалдары:
«Анау неге ала?» дер қалғандары.
Адам азса, ол да – бір көңілдік қой!
(өзектіге осы ғой өмірлік той!)
Өліп жатқан тышқан ба, арыстан ба,
Қарғаларға бәрі бір өлімтік қой!
Ісіп жүрген талайлар ішіп-жеп-ақ,
Іренжу бар соларға ішімде жат,
Қайран басым кіре ме қара жерге,
Қарға жұрттың қарқылын түсінбей-ақ?!
2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу