Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  103


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Ей, бауырым, тірімін ғой мен әліБұл жалғанның сұм пиғылды қонағы,
Көк желкемде үкім айта отырып,
Жетелеуде тағдыр дейтін жол әні.
Ей, ағайын, тірімін ғой мен әлі...
Баяғыдай жаным сыздап тоңады.
Баяғыдай үмітім бар әр күннен,
Баяғыдай соқса өмірдің самалы.
Ей, құрбылар, тірімін ғой мен әлі...
(Гүлдердің де белгілі еді солары),
Өз -өзімді жеп біткенім болмаса,
Баяғыдай ойларымның орамы.
Ей, замандас, тірімін ғой мен әлі...
Жарқылдайды жүрек оттың жанары,
Арман әнім құлағыңда қалсын, тек,
Ажалымның жеңген күні араны.
2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу