Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  134


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Жігер бер, маған, бұл күнде –
достардан жолым болмады-ақ,
жоламай кетті жыр мүлде,
танытпай тағдыр оң қабақ.
Қарамас та едім өмірдің
дарақы, дырду, шуына,
дертінен өлең көңілдің
суына берем, суына.
Жалғызсыраймын неге мен,
болса да күнім қош қанша.
Жүрегімді жұлып берер ем
өзегін үзер дос болса.
Сыртым- сау, шері ішімнің
түбі бір құзға құлатар.
Басқаның зарын түсіндім,
Ал мені кім бар жұбатар!?
Естісі болса елге – құт ,
Елесті қуып дембе – дем,
өкінішін кетер өңгеріп,
өзекті жалғыз мен бе екен?
Қалсам да бақсыз қаңғырып,
Сақтасын мейлі, кек санам.
Бір жұтым ауа, мәңгілік
қарыздармын мен тек, саған.
2008 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу