Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  122


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

“... Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”
Абай.



Өлең!
Сен менің өзегімнің әуені –
Сыңарысың көңілдің!
тартса иірім – тірлігімнің тереңі
өзің болып егілдім.
Өлең,
Сен – менің тәтті сезімім
толқитын болмыс, арыммен!
Сынаса уақыт, мұқалмады төзімім
өзіңнен келген сабырмен.
Өлең,
өзіңсің қуаныштарым
балауса балғын күндегі!
Бозбала жаспен сыр алысқаным –
оралмас күндер ілгегі.
Өлең!
қайғы мен қасіреттері көп
жылдарым жылатқан кезде,
ақылдың өсиеттері боп
бір сенен жұбатпады өзге!
Өлең!
Мен үшін жалғыз өзің – дос!
Біргесің күлсем, жыласам!
Жоғалтпан саған сезімді еш
Сен қалып...
Ал, мен құласам!....
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу