Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  143


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Сыбызғы үн
сызылады-ай кеп кеудемде,
Мұң үзгім
келеді менің.
Шерменде
жүк артса
тағдырым ауыр қашаннан,
Құмартса –
нәпсінің құлы, хош, арман.
Жабығам
несіне бұлай бой жазбай?!
Қажығам
неге?
Менен де басқа ойлы аздай....
Олар да
мұңданар -
Сынға алар тағдыр!
Тоңар да...
Мұңданғандардан мұңдақ үн қалар -
Жан – Арға!
Ұлиды
кеудем!
Боздайды уақыт.
“Түбі – игі”
деумен,
өзімді өзім жұбатып.
Көрермін
алдап
қашанғы!?
Созылмақ?!
Өлермін
жалғап
жүректі жырға!
Сөзім – һақ!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу