Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  192


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Дос керек екен адамға:
қысылсаң, қолын ұсынар,
таба да қылмас жаманға,
имани ізет, ісі нар.
Дос керек екен адамға
жүрегі адал, сен дейтін,
жарылқамаса да табанда,
жаныңды сөзбен емдейтін.
Дос керек екен адамға
тірлікте кеулің жүдейтін,
Түскенде басың таланға,
сен үшін тілек тілейтін.
Дос керек екен адамға
адамша сені сүйетін.
Отырып қалған заманда
отқа да түсіп күйетін.
Дос керек екен адамға
Дүрбелең шақта ынсапсыз
алдырмас арзан аранға,
есі бар, есеп-қисапсыз.
Жеңілдеу - тағдыр қосқан у,
түскенде басың шерге не.
Өмірде адал дос табу -
бұйырса барлық пендеге.
Тырнамас қайғы - жараңды,
Айтылар ма еді арлы өлең!?
Адал дос тапқан адамдыбақытын тапқан жан дер ем.
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу