Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  111


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Болса ғой кеңдеу көңілдер,
Ізгілік толы пейілдер,
Жайласа жанды сенімдер,
өмірің сонда жеңілдер.
Тілегін берер біздейдің
Жоқ біреу -
Жанда зілдей мұң!
Болса да күнім күздей күн,
әйтеуір үміт үзбеймін.
Жырымды, мейлі, өртеңдер,
Тарылсын, мейлі, көркем Жер,
Жұбатып келем өзімді
туар деп күнім өркендер!
Шақырса алдан ертеңдер!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу