Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  115


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Қызық қой: адам өмірі
қызық қой адам көңілі -
Қарамай шама-шарқына,
Қарап бір алмай артына,
Берілмей тағдыр ырқына
Ұмтыла түсу, ұмтыла
Көзінен сәуле сөнгенше,
Тырбанып қалу өлгенше.
Адалдық кімге керек деп,
Ар-намыс өлсе, себеп көп.
Бес күндік өмір біткенше,
Кеудеңнен шыққан құт – демше,
басыңнан дәурен өткенше,
күз басар орнын көктемше
жанталас өмір сүргенің -
әріге кетсе бір демің,
бекер-ау ойнап күлгенің,
өкінтіп өлең айтпас ем,
өлмеймін десе кімде-кім!
Адаспай ақыл-сүремнен,
Арман да қумай жүрер ме ем!?
Арзандау болса ар-намыс.
Ақынға біткен толғаныс
Билікке бітсе, қайтер-ді?
Шақырса арман ертеңгі
Шалқып бір басып жүрмес пе ем?
Қайғының дәмін білмес те ем.
Бейнеті болса жанға - құт –
Тірлікте, сәрі, сол бақыт!
Шалқайтып бірге бақ берсе,
Біреуді қойған зарлатып.
Әркімнің ырзық-үлесін,
тайталас, тағдыр, күресін
беретін өлшеп өзекке,
Жаратқан ием, кем етпе!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу