27.02.2022
  882


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МЕЙІРБЕК ПЕН ҚАРАТАЛ

Ол өзінің жалғыздығына қатты налып, мұңая ойланды. Айдалада елсіз- күнсіз жерде, өзінің жападан жалғыз жеке, оқшау өскендігін соңғы күндері


қатты уайымдап жүр.


 


Биыл өткен жылғыдай мол емес. Ауа райы құрғақшылыққа өте бейім болып тұр. Соңғы кездері күн мүлдем ысып кетті.


Қаратал қинала күрсінді.



  • Шіркін-ай, күн нөсерлетіп жауып берсе ғой! – деп қиялдана ойланды.

Жапырақтары мүлдем жүдеп, реңдері солғын тарта бастады.



  • Су, су, су! – деп әр жапырақ әр тұстан әлсіз күңкілдескендей, жан- жаққа

телміре қарады.


Алыстан бұраңдап аққан өзеннің ағараңдаған бейнесі назарға шалынады.


Бүгін Мейірбектің қуанышы қойнына сыяр емес. Әкесі дүкеннен су жаңа велосипед сатып әперді. Өзінің әдемілігі қандай! «Орленок» деп


алтындап жазған әрлі жазуы мүлдем әдемі.


Әкесі бұл күтпеген тағы бір қуанышты хабарды айтты.



  • Маятастағы атаңның үйіне барасың. Барып қол-қабысыңды тигіз.
  • Велосипедті де апарамын ба?
  • Әрине!

Мейірбек әкесін құшақтай алып, бетінен сүйді.



  • Қашан барамын?
  • Ертең сүт таситын машинаға мінгізіп жіберемін.
  • Ой, қандай жақсы болды!

Маятасты Мейірбектің бірінші көруі. Әсіресе құлама қабақты астарлай аққан өзенді қатты ұнатады. Айнала – қалың жыныс, ну тоғай. Сонау алыста жазаңға құлап, ойпатпен ұласар тұста, жарқырап аққан өзен жайдары


көрінеді екен.


Мейірбек алғашқы екі-үш күн бойы осы өңірдің табиғатын біршама тамашалайды.


Бүгін ауылдан ұзаңқырап, алыс кетіп еді. Жалғыз аяқ, көнелеу


сүрлеумен келе жатқан. Велосипеді сылаң соқпақпен суси сырғанап, жеңіл келеді. Бойшаң, бұйра жусандар дөңгелек шабақтарына еркелене бас соғып, бұлғақ қаға, артта қалып жатыр.


Ол бүгін мүлдем көңілді. Соңғы күндері болып тұрған ыстықты да көп елең қыла бермейді. Жаңа, жүйрік «Орленок» жас жанына тыншу берер емес.



  • Көкешім-ау, күн өтетін болды ғой! – деген әжесінің қамқор сөзіне де көп

илана бермейді.


Қаратал елең етіп, сонау қашықтан көрінген қараға назар салды.


Астына мінген көлігінің түсі қандай ашық еді! Қып-қызылын-ай! Өзі жарқ- жұрқ етеді. Қалай қарай барар екен, ә!


Тал бойында әлдебір әлсіз үміт оты тұтана бастады.



  • Міне, қызық!

Мейірбек қатты таңданды.



  • Жапан далада жалғыз өзі неғып тұр?! Өте қызық? – Алыстан көз тартып,

 


мен мұндалап шақырған Қараталға Мейірбек бөлекше құмарлықпен көз тікті.



  • Қой, бұл тұрғаным болмас. Не де болса барайын! – деді. Тақана бере Мейірбек Қараталдың әлі жас екенін, әлі әлсіз екенін іштей түйіп үлгерді.

 


***


 



  • Алақай-ай! Алақай-ай!

Жапырақтар жамырасып қоя берді



  • Қуануға әлі ертерек! – деп Қаратал сенімсіз үнмен тіл қатты.
  • Неге қуанбасқа! Бетін бері бұрды ғой! Ол тектен-тек бұрыла ма?
  • Қайдам...

Қаратал осыдан соң үнсіз қалды да:



  • Өзі шынында да бізге қарай келе жатыр, – деді. Үнінде сенімділік пайда бола бастады.

 


***


 



  • О, бауырым! Амансыңс ба? Жалғыз өзің бұл жерге қалай ауысып

келгенсің, ә? – деді Мейірбек велосипедінен түсіп жатып. Үнінен мейір лебі еседі. Келіп Қараталдың бүйірінен сипады.



  • Туысқан, келгеніңе көп рақмет. Мен судан шөлдеп өлгелі тұрмын.

Мына


аңызақ аптап апшымызды қуырып барады. Жапырақтарым жылап, жанын қоярға жер таба алмай тұр, – деді аянышты үнмен. Мейірбек Қараталды


қатты аяды. Ол тілге келген жоқ.



  • Мен қазір, – деп, велосипедіне мінді де, кері қарай құйындата жөнелді.

Ол көп кешікпей қайтып оралды. Велосипедінің артына таңған кішкене күрекшесі мен шағын тобатай шелегі бар.



  • Бауырым, сәл шыда! Асықпа! Мен қазір, – деді де күрекшесімен

Қараталдың айналасына су ұялайтындай топырақ қомдады. Тобатайын қыса ұстап, өзенге жүгірді. Танауы тершіп, шөпілдеген мөлдір суды Қараталдың түбіне құйды.



  • Айхай-хай-хай, рақат-ай! – Қараталдың тұла денесі ғажайып сезімге бөленді.
  • Рақмет, туысқан! – деді емірене.
  • Әлі рақмет айтуға ертерек, – деді де Мейірбек өзенге қайта беттеді.

Ол


осылай бірнеше рет су әкеліп, талға құйды. Жапырақтардың қуанышын тілмен айтып жеткізу еш мүмкін емес-ті. Тамырмен бойлап өзекке жеткен кәусар су жапырақтарды дүр сілкінтті. Барлығы беттерін көкке тосып, күн көзіне айшуақ ажармен қарасты. Еркелене соққан самал жел ырғағымен барлығы билеп ала жөнелді.



  • Өздерің қандай көңілдісіңдер! – деді Мейірбек риза пішінмен маңдай

 


терін сүртіп қойып. Талдан түскен қою көлеңке жанға мүлдем жайлы екен.



  • Сендей баламен дос болғандардың барлығы да көңілді болуға тиіс, – деді

Қаратал байсалды пішінде.



  • Айтпақшы, сенің атың кім?
  • Мейірбек.
  • Өте тамаша есім екен.
  • Рақмет!
  • Мен сені ешқашан есімнен шығармаймын.
  • Мен де.
  • Ендеше екеуміз дос болайық!
  • Мен сенімен баяғыда-ақ достасып қойғанмын. Қаратал қатты риза болды. Күн кешкіре бастады.
  • Мен ауылға қайтамын, – деді Мейірбек.
  • Ертең келесің бе?
  • Әрине, келемін.

Қаратал көңілденіп кетті де:



  • Ертерек келші. Біз сені асыға күтеміз, – деді.

Қаратал жалғыздық дегеннің өте ауыр екенін бүгінгі түні түсінгендей. Бұрын тап осындай халді бастан кешіп көрмеген екен. Қанша ұйқысы келсе де, тынши алмады. Өз-өзінен елегізіп, көзін ашып алып, жол жаққа


қарағыштай береді.



  • Опыр-ау, бұл қандай? Бұрын қалай тіршілік етіп келгенмін? Бойымен жүгірген су ағыны жанын жайландырып барады. Бір кезде

Мейірбектің бұған сүйеніп тұрып, өзін еркелете сипағанын есіне алды.


«Алақанының жұмсақтығы қандай!» Мейірбекті сағынып кетті.


Кенет Қаратал елең ете түсті. Өзара күбірлесіп тұрған жапырақтары да тынши қалды.



  • Ой, аяғым-ай! Аяғым-ай! Жаныма батты-ау! – деп күрсіне қиналған дауыс естілді.
  • Бұл кім?
  • Мен ғой.
  • Менің кім?
  • Ақбөкенмін.
  • Не болды?
  • Аяғым сынды.
  • Неден?
  • Оқтан.
  • Мұнда кел тезірек!

Ақбөкен кідіріп қалды. Екі бүйірін соғып, ыңқ-ыңқ етеді.



  • Не істейсің, не қылмақсың?
  • Ертең менің досым келеді... Соған жолық. Сол емдейді аяғыңды.
  • Ол кім?
  • Мейірбек деген бала.

 



  • О, жоқ-жоқ, мен біреуінен әрең құтылып, енді екіншісінің қолына түсер

жайым жоқ.



  • Ақбөкен, достым, ол ондай адам емес.
  • Жоқ, мен оларға сенбеймін.
  • Тоқта, Ақбөкен, егер сенбесең, менің жапырақтарымнан сұра. Олар:
  • Рас, рас! – деп түн ауасын жаңғырта шуласты.

Ақбөкен енді иланғандай. Ақсаңдай басып Қараталға жақындады.



  • Кел, мұнда жат! – деп өзінің түбін нұсқады.
  • Мына жер жақсы, салқын екен. Түу, әбден өлесі болдым-ау, – деп Ақбөкен бір бүйірінен жата кетті.

Қаратал түс көрді.


Ақбөкенді машинаға мінген есер топ еліре қуып келеді. Қолдарында бір-бір мылтық. Айнала тарс-тұрс атыс. Ызы-қиқы, елірген шу. Жалғыз Ақбөкен басын тұқырта төмен салып алып, ызғып келеді. Артқы бір аяғы сынған екен. Салақтаған сирағы жүгіргенде дегелек ойнап келеді.


Кенет бір тасадан Мейірбек қызыл велосипедімен жарқ етіп шыға


 


келді.


 


–   Тоқта! Тоқта! Қос қолын көкке жайып жіберіп, рулін босатып қоя берді


 


де, қаптаған қалың мылтықтың алдынан қасқайып қарсы шықты.


–   Ах, оңбағандар, тоқтаңдар!


Бірақ аласұрған машина тоқтар емес. Ағындап келеді. «Енді болмаса қағады-ау! Құтылсаңшы, құтылсаңшы! Өлтіреді-ау сені ана жауыздар!»


Қараталдың көзінен жас шығып кетті.


Ол ұйқысынан шошып оянды. Көзін ашып алса, әбден әлсіреген Ақбөкен енді тыныштық тауып, тәтті ұйқыға бөккен екен.


Анандай жерде ақсия күлген Мейірбек велосипедімен келеді. Көгілдір тобатайына қондырып алған Қараталдың кішкентай көшеті бар.


–   Енді сен жалғыз болмайсың! Міне, көрдің бе, мұнда саған лайық серік


таптым. Түп топырағымен ойып әкеле жатырмын. Көрдің бе, мұнда қарашы!


– деп таңғы ауаны жаңғырта айқайлап келеді.


Қаратал шын жылады, егіле жылады. Қуанғанынан жылады. Елегізіп қалған Ақбөкен Қараталға бір қарап, Мейірбекке бір қарап, аң-таң күйде аз тұрды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу