27.02.2022
  603


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ОЙЫНПАЗ ОЙЫНШЫҚТАР ОТАУЫНДА НЕМЕСЕ ДӘУРЕННIҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫ

Ертегі - повесть


I


Осы әңгiмеде баяндалған жайға мүмкiн сенерсiз де, мүмкiн сенбессiз де!


Дегенмен де сену, сенбеу әркiмнiң өз еркiнде ғой. Бiрақ бiздiң үйдiң елгезек мiнездi еркесi Дәурен осы бiр қызықты хикаяны, осыдан бiраз уақыт бұрын, төсекке жатар алдында өзiнiң үш жас үлкен әпкесi Ақнұрға бiрнеше күн бойы баяндап берген екен. Ал Ақнұр болса iнiсiнен естiгендерiн өзiнiң көп көзiнен


 


таса ұстайтын көгiлдiр дәптерiне еш ерiнбестен мұқият түсiрiп жүрiптi. Аңдаусызда қолыма түскен сол дәптерден оқығандарым маған бөлекше әсер еттi. Дәуреннiң жас қиялының жүйрiктiгiне менiң таңданбасқа шарам да жоқ едi. Осы қызық, бiр-бiрiне жымдаса жалғасқан қызықты хикаяны елеусiз қалдырмай, Дәурен мен Ақнұрдың құрбыларына ұсынуды жөн көрдiм.


Бiр қызығы – Дәурен ертегiсiнiң бас кейiпкерлерi – оның өзiнiң ойыншықтары екен.


II


Дәуреннiң ең сүйiктi ойыншығы – Қоңыр Қонжық едi. Оны сонау бiр жылдары қалада оқитын әпкесi Дәуреннiң туған күнiне сыйлыққа әкелiп берген болатын. Онда Дәурен кiп-кiшкентай едi.


Өзi тым аурушаң болып өстi. Тiптi бiр жаз, күз бойы қатты науқастанып, салсүйек болып, төсек тартып қалғаны бар-ды. Керек десең, дәрiгерлер де оның өмiрiнен күдер үзiп, шарасыз күйге ұшыраған едi. Үй iшiнiң де үмiтi үзiлуге айналған-ды. Дәурен сол күзде бiр жасқа толған. Сол кезде оның қалада оқитын әпкесi сырт көзге недәуiр көлемдi, сүйкiмдi қоңыр пүлiшпен қапталған, көзiне күлкi ұшқыны ұялаған Қоңыр Қонжықты әкеле қалмасы бар ма. Әбден жүдеп, салтөсек болып жатқан Дәурен Қоңыр Қонжықты көргенде көптен берi көзiнде сөнген күлкi ұшқыны аз сәтке болса да жылт етiп, әлсiз ғана езу тартқан-ды.


Сонда үй iшi, әке-шешесi, атасы мен әжесi естерi қалмай қуанған. Әсiресе әжесi мен атасы:



  • Мынау бiр қасиеттi ойыншық болды ғой.
  • Иә, ақ сарбас, ақ сарбас, тiфә, тiфә! Ә, құдай бере көр, – деп қауқалақтай, қуана сөйлеп, жүректерi жарыла жаздаған.

Содан берi Қоңыр Қонжық осы үйдiң қастер тұтар қасиеттiсiне, Дәуреннiң ажырамас досына айналған. Сондықтан да ол оңаша үйде, өзге көп ойыншықтардан бөлек сақталушы едi. Сарғыш түстi шкафтың үстiне қонжиып отырып алған Қоңыр Қонжық осы үйге кiрiп – шыққан жандарға үнемi сүйкiмдi мейiрмен, шуақты шыраймен жымиып қарап тұрғаны.


Бертiнректе, Дәурен ересейiп кеткенде де, ол биiк үстелдiң үстiне ерiнбей шығып, Қоңыр Қонжықтың қоңырқай қара тұмсығынан құшарлана сүйiп- сүйiп алатын едi. Мұндай сәтте Қоңыр Қонжық бұған одан әрмен күлiмсiрей қарап, мәз-мейрам бола түсетiндей көрiнетiн.


Осыдан бiр-екi жыл бұрын Ақнұр дүкеннен белгiлi ақынның әдемi кiтапшасын сатып әкелген едi. Сонда аю баласына арналған әдемi өлең бар- ды. Оның аты «Мамалақ» екен. өлең әрi жеңiл, әрi қызғылықты болып шықты. Сүйкiмдi аю баласын «Мамалақ» деп атаудың өзi тiлге де оралымды, көкейге де қонымды болып шықты. Содан берi Қоңыр Қонжықты Дәурен бiрыңғай Мамалақ деп атап кеткен.


Дәурен биылғы жылы мектепке барған-ды. Сондықтан да болар, таңертеңгiлiк орнынан тұрғанда ол онымен:



  • Халiң қалай, Мамалақ? – деп есендесетiн. Мектепке кетерiнде:

 



  • Сау болып тұр, Мамалақ, – деудi күнделiктi әдетiне айналдырып алған- ды.

Ақнұр әкпесi де жас кезiнен ойыншықтарға аса құмар болды. Әпкесi мен шешесi дүкенге түскен жаңа ойыншықтардан оны құр қалдырмайтын. Осы бiр ойыншықтарға деген құмарлық сезiм Дәуренге де ауысқан едi. Кейiнiрек ол өзiнiң көп ойыншықтарын iрiктеп, iшiндегi тәуiр дегендерiн iрiктеп алып қалды.


Дәурен оларды шағын екi бөлмеге бөлiп орналастырған. өзi жататын бөлмеге тек Аяз Атаны, Ақша Қызды, Тұлымды Қызды және Тақиялы Балақайды ғана алып қалды. Себебi Дәуреннiң аңдар мен жануарларға көзi түссе көңiлi алаңдап, тынши алмай, ойнағысы келiп кететiн әдетi бар едi. Сол себептен де ойыншықтарының басым көпшiлiгiн өзге бөлмеге орналастырып, көзден таса қылған болатын.


III


Дәурен үйiнiң сыртында ескi сарай бар едi. Соның отын жинаған қуысында көптен берi Дәурен шығарып тастаған, сексеуiлге бастырылып қалған Қожалақ жататын. Жылбыр шашы бiлте-бiлте болып, бет-аузы сатпақтанып, сұрықсыз күйде жатқан Қожалақты бiр күнi Ақнұр көрдi. Ол оны аяп кетiп, суға шомылдырып, тазалап, қайтадан үйге әкелiп қойған. Бұл жайға Дәурен алғашында онша көп мән бере қойған жоқ.


Салған беттен-ақ Қожалақты өзге ойыншықтар ұната қоймады. өзi мүлдем тентек, мазасыз екен. Адамдар кетiп, үй оңаша қалса-ақ болды, қатарындағыларды бүйiрiнен түрткiлеп, есiнен тандырады. Әсiресе Тақиялы Балақайды талай жылатты. Тiптi бiрде iшiнен теуiп жiберiп, шапанының етегiн жыртып қойды. Тұлымды Қыздың үлбiреген ақ бантигiн жұлып алып, лақтырып тастады.


Әйтеуiр Қожалақ келгелi берi үйден береке мүлдем кеттi. Оның тиiспегенi қалмады. Тiптi бiр күн Тақиялы Балақайды тамағынан қылқындырып өлтiрiп қоя жаздады.


– Сен бұл ауылда адасып, қайдан жүрсiң? – деп итерiп жiберiп, шалқасынан құлатып, шекесiн iсiрiп қойды. Сыйқалтасын иыққа сап, айналасына кемеңгер келбетiмен, қайырыммен қараған Аяз Атаны көргенде мүлде құтырынып кеттi.


– Мына бiр аппақ шал, қайдан келген пәле өзi? Таяғыңмен менi ұрғалы тұрсың ба! – деп қолындағы иiр басты асатаяғын жұлып алды. – Қабыңда нең бар, жейтiн ешнәрсең бар ма? Жоқ, құр қап па қампитып алған, – деп таяқ ұшымен қапты аударып тастады. Нәзiк сезiмдi Ақша Қыз жылармен болған үнмен:


– Сен қандай көргенсiз едiң? Аяз Атаның не жазығы бар? – деп шыр етiп, араға түстi. Қожалақ көзiн сығырайтып ала қойды.


– Сыбызғыдай сыңсыған сен кiм едiң? Кәне, жөнiңе тұр, – деп оған тақанып келе бердi де бетiнен шапалақпен шарт еткiздi. Ақша Қыз шар ете қалды. Аяз Ата өңi түтiгiп:


– Бұл не бассыздық! Бұдан асқан жүгенсiздiк болар ма? – деп ашуға мiндi.


 


– Мына жаман шал не деп тұр, ей? Кәне, тiлiңдi тарт! Мына таяғыңмен басыңнан бiр персем, сүйегiңдi жинай алмай қаларсың, – деп ысқырына сөйлеп, Аяз Атаға тақана берген. Тап сол кезде есiк ашылып, Дәурен iшке енген. Құшағында өзiнен сәл-ақ кiшi Қоңыр Қонжық бар екен.


– Ал, Мамалағым – Қонжығым, мен демалысқа жайлауға барып келгенше, осында бола бер. Содан келген соң аңдар тобына апарып қосармын. Әзiрге айып етпе, өте асығыспын. Мыналар сенi бiр күнге жатсына қоймас, – дедi де, олды-пұлды сый-сияпат салынған сөмкесiн иығына асығыс асынып, сыртқа беттедi.


IV


Мамалақ келген соң бәрi де бiрауық тынши қалды. Аз уақытқа орнаған тыныштықты Қожалақ қайта бұзды.


– Мына қорбаңбайды әкелiп, бiздiң қасымызға неменеге қойды? Түрiн қарашы өзiнiң! Құр күпиген денесiнiң кескен терекке ұқсауын! – деп ащы тiлiмен шағып алды. Бұған Мамалақ алғашында үндей қоймады және оның сөзiне бәлендей мән бере қойған да жоқ. Себебi талай уақыттан берi жалғыздықтан жалығып, iшi пысқан едi. Мынау көп ортасына келгенге ол кәдiмгiдей толқып, сол тәттi сезiмiнiң жетегiнен әлi ажырамай қоймаған-ды. Қожалақ қарап тұрмады. Ол көзiн сықсита қадап, сынап-мiнеген кейiппен Мамалақты айналдыра қарап шықты. Қарсы алдына келдi де, зәрлi мысқылмен:


– Мардымсуын қарай көр! Несiне шәниiп тұрсың? – деп күтпеген жерден, көз iлеспес жылдамдықпен Мамалақтың тұмсық тұсынан баспен перiп жiбердi. Көзiнiң оты жарқ ете қалды. Басы айналып, көзi қарауытып, құлағы шыңылдап, теңселiп барып түзелдi. Ауыр ыңырсып, аз тұрды. Көзiн ақырын ашты да, алдына көз салды. Қожалақтың қарқ-қарқ күлген бейнесi айқындала бастады. Қасқа тiстерi мүлдем ақсиып кетiптi. Мамалақ бүкiл денесiмен қопарыла қозғалып, шапшаң қимылдап, қожалақты қапсыра құшақтап алды. Оның ыңқ деуге де шамасы келген жоқ.


– А-а-а! – деп ышқына айқайлаған Мамалақ Қожалақтың қос қолынан қыса ұстап, шыр айналдыра бердi де, ашық тұрған терезеден сыртқа қарай атып жiбердi.


– Ойбай, өлдiм! Әуеде қалбалақ қағып, тыраңдап бара жатқан Қожалақтың жан дауысы шырқырап шықты. Қанкөбелек ойнаған қалпы биiк талдың қусақ бұтағына барып соғылды. Содан жалбыр шашы әр жерден жұлынып, түтеленiп, қарсы бұтақтарға қақпақыл болып соғыла, қатты жерге ыңқ етiп, құлап түстi. Сол қолы иығынан үзiлiп, төменгi иiр бұтаққа iлiнiп қалды.


– өлдiм-ау! өлдiм-ау! өлтiрдi-ау! – деп жерде шалқалаған күйi бебеу қағып жатты.


– Қолым-ай, қолым-ай! Тұлымды Қыз, Аяз Ата, Ақша Қыз да иықтарынан ауыр жүк түскендей болып, жеңiлдеп қалды. Жүздерiнде құп сауап болды-ау дегендей сыңай бар. Сезiмiн iрке алмаған Балақай:


– өзiңе де сол керек, – деп айқайлап жiбердi де, терезенi тарс еткiзiп жаба салды.


 


– Жат солай!


– Рахмет саған, Мамалақ! – деп Аяз Ата ризашылық бiлдiрiп, жерде жатқан таяғын, сыйқоржынын алды.


Бiр күннен кейiн Дәурен жайлаудағы атасының үйiнен ауылға оралды. Жол бойы өзiнiң сүйiктi Мамалағы турады ойлаумен болды. Анда-санда iштей, өзiнiң аздап жасаған ерiншектiгiне ренжiдi. Аяз Ата, Балақайлардың қасында тұрып, зерiгiп, iшi пысып кетедi-ау деп те ойлады. Ол ауылға жеткенше асықты. Келген бетте iшке күлiмсiрей кiрiп:


– Мамалағым, хал қалай? Iшiң пысып кеткен жоқ па? – деп еркелете сөйледi. Содан соң:


– Қой, мен сенi өзiңнiң төрт аяқты туыстарыңа апарып табыстарайын, – дедi де тiк көтерiп алып, көршi бөлмеге апарды.


– Ал, достарым! Орталарыңа Мамалақ батыр келдi. Қарсы алыңдар! – дедi.


– Мен тағы да асығыс түрде жайлауға қайта баратын болдым. Мектептен екi күнге рұқсат алдым. Атамдар жайлаудан тау жақтағы кең өрiске көшпекшi екен, – дедi де шығып кеттi. Бiрақ Дәурен өзi жоқта Мамалақ пен Қожалақ арасында болған оқиғадан мүлдем бейхабар болатын.


V


Дәурен иеленген осы шап-шағын екi бөлменi ойыншықтар отауы десе де болғандай едi. Әдемiше қабырға сөреде де, төрт аяғы аласа шағын сырлы үстелде де, еденде де әрқалай орналасқан сан алуан ойыншықтар көздiң жауын алады. Құлағы қалқайып, айналасына елгезек көңiлмен қараған қоян да, сары ауыз үйректiң балапаны да, сабалақ жүндi күшiк те, өркешi өрдеш желмая да, жал-құйрығы желбiреп, адымын алысқа аршындатқан арғымақ ат та – бәрi-бәрi көздi арбап, көңiлдi қуантады.


Оң қабырғадағы жасыл сөреде үшкiр тұмсығы сүйiрленiп, түртiп қалсаң көкке самғап ұша жөнелгелi тұрған қос жолақты көгiлдiр ұшақ көзге шалынады. Оның қатарында түрлi-түстi машиналар, кемелер, жатаған бауыр жүрдек жарыс машиналары, крандар сап түзеп тұра қалған.


Оңаша бөлмеде ұзақ уақыт болып, осынау өз серiктерiнiң, төрт аяқтылардың ортасына келгенде, Мамалақтың қуаныштан жүрегi жарыла жаздады.


– Алақай-ай, қандай тамаша болы! – деп қуана дауыстап жiбердi. Көзi күлiм қағып, айналасына масаттана қарап қойды. Бiр кезде ол:


– Пәлi, сен мұнда екенсiң ғой, – деп қасына маң-маң басып жақындаған Желмаяға қарап жымың еттi.


– Бауырым-ау, ең алдымен есендесейiк те! Сенi көрмегелi көп айдың жүзi болды емес пе! – деп Желмая сабырлы үнмен тiл қатты.


– О, онда айып менен! Амансыңдар ма, бауырларым! – деп Мамалақ айналасындағылармен емежарқын амандасты. Қалай дегенде де Мамалақтың назарын Желмая үстiндегi әдемi жабу ерекше аударды.


– өзiңнiң жабуыңды әдемiлеп-ақ жасаған екен. Оюы не деген тамаша! – деп таңдай қақты.


 


– Аых-аых-аых! – деп жiңiшке даусымен ақилаған Ақ Қодық кiшкене бөлменiң iшiн үш рет айнала шауып өттi де, Мамалақтың қатарына келiп, сүйкенiп тұра қалды. Сүйкiмдi жұмсақ сүйiр тұмсығымен оның бүйiрiнен еркелеген қалыпта түртiп-түртiп қойды. Мамалақтың қытығы келiп кеттi:


– Айналайын, Ақ Қодық, алдыма келiп тұршы, сен жаңа бұл маңда жоқ едiң ғой. Түрiңдi анықтап көрейiн, – деп мойнын бұрды.


– Бойың аласа болса, Желмая тасада қалдырса, қалай қөзге түсесiң? – деп Ақ Қодық құнжың-құнжың етiп, оның алдына көлденеңдей тұрды.


Оның еркелiгiне Мамалақтың iшi ерiп кеттi. Сабалақ жүндi Сары Күшiк мүлде ерке екен. Шәу-шәу етiп, бiр-екi үрдi де, Мамалақтың иығына шығып алды. Әсiресе Ақ Көжек бiр орында тағаттап тұра алмай, екi-үш рет секектей секiрiп-секiрiп алды да, Мамалақтың мойнына асыла кеттi.


– Сенiң келгенiң қандай жақсы болды! Ендi көңiлдi болатын болды, – деп қуана дауыстады.


– Оның рас, Ақ Көжек! Тiптi жақсы болды! – деп өзгелер де қуана қоштады.


Сабырлы мiнездi Желмая да ұзын мойнын ақырын қозғап, қоштағандай рай бiлдiрдi.


– Ендi додадоп ойнайтын болдық. Мамалақты бұрын мықты қақпашы деп еститiнбiз, – дедi Желмая көзiн қулана қысып қойып.


– Ондай қақпашыны ешқашан да, еш жерден де таба алмайсың, – деп, Ақ Көжек сықылықтай күлдi.


Мамалақ таңданып қалды:


– Додадоп дегенiң не? Ақ Көжек қутың етiп:


– Соны да бiлмейсiң бе, футболды айтам да, – дедi. Мамалақ басын шайқап:


– Бәлесiн өзiнiң! – деп мырс етiп күлдi.


– Сонда мен қақапашы болам ба?


– Ендi кiм болмақшы!? Сенiң атақты Қонжық атаң баяғы Мәскеуде өткен Олимпиада ұраны болып, суретiң iлiнiп, барлық ойынның түрiн бiр өзi атқарып шыққан жоқ па едi?! – деп сықылықтап күлдi Ақ Көжек.


– Рас, рас! Ол бiлмейтiн ойынның құпиясы жоқ. Сондықтан да оған күлдi жұрт дән риза болды емес пе, – дедi Желмая қошуақ көңiлмен бас шұлғып:


– Сүйкiмдi Қонжық атаң аспанға көтерiлiп, көппен қол бұлғасып, көкке қалқи ұшқанда, бүкiл ел қимай қоштасқанын айтсайшы! – дедi.


– Көп елдер көздерiне келген жастарына ие бола алмады дейдi ғой, – деп Ақ Қодық естiгенiн айтып салды.


– Бәрi рас, бiр жалғаны жоқ, – деп Желмая Ақ Қодықтың басынан ақырын сипады.


Сарыауыз Балапан жiп-жiңiшке үнiмен:


– Ендiгi ойынымыз тiптен қызық болатын болды, – дедi. Сабалақ атанған Сары Күшiк бiр бүйiрден шәу етiп:


– Ойпырым-ай, ойынды сұмдық қатырып ойнайтындай болуын, – дедi жеңiл мысқылмен.


 


– Е, ойнамай несi бар, Сарыауыз жаман ойнамайды, – деп үнсiз тұрған Арғымақ оны қорғай сөйлеп, аяғымен жер тарпып қойды.


– Иә, иә, жаман ойнамайды! – деп Ақ Көжек қолдау көрсеттi.


– Жә, жә! Осы тұрғандардың ешқайсысы да шеккi ойнамайды, – деп естi үнмен тiл қатқан Желмая бәрiнiң төбесiнен алысқа маңғаздана қарады.


– Доп қайда едi? – дедi Сарыауыз.


– Доп мұнда! – деп Ақ Қодық сандық тасасындағы допты топқа қарай теуiп жiбердi.


Теңбiл доп үй төбесiне барып сарт еттi де, төмен құлдилап келген бетте Сабылақтың шекесiне дөп тидi. Тосын соққыдан шәңк ете қалған Сабалақ бұрышқа қарай қаша жөнелдi.


– Әй, бәлем, өзiңе құп сауап болды, – деп Ақ Көжек iшiн баса, сықылықтай күлдi. Күтпеген күлкiлi оқиға барлығын қызыққа батырды.


– Е, оқасы жоқ, оқасы жоқ! «Жерден жетiге келгенше таяқ жейсiң» деген. Сен жерден жемесең де бұл жолы төбеден жедiң, – деп, Желмая маңғаз үнмен жұбатты.


Еденде секектеп жүрген допты қағып алған Ақ Көжек оны аяғымен қақпақылдап ойнап аз тұрды да:


– Е, ендеше не тұрыс бар!? Қазiр бақтағы алаңға барып, додадоп ойнайық,



  • деп бәрiне жағалай қарады.

    • Несi бар, ойнасақ ойнаймыз да! Бүгiн күн де тымық, бақ iшi де тып- тыныш. Ауа райы кешегiден де жақсы болып тұр, – деп Ақ Қодық оны қоштай сөйледi. Сарыауыз ажарында масайраған қалып байқалды. Ақ Көжектiң айтқан ойы барлығының көкейiне қона кеткендей.



Маңғаз мiнездi Желмая ақырын ғана:



  • Не болса, о болсын, бiр бой жазып қалатын болдық! – дедi. Аяғын тарпыған Арғымақ та:
  • Бәрiнен де соны айтсайшы! – деп қуанғанынан кiсiнеп жiбердi.

Теңбiл доп Мамалақтың көзiне жылы ұшырып кеттi. Алға аз ғана ұмсына түсiп, доптан көз айырмаған қалпы:



  • Кәне, доптарыңды көрейiншi, қандай екен? – дедi.

Ақ Көжек шапшаң секiрiп барып, допты оған әкелiп бердi.



  • Мынауың мүлдем тамаша доп қой! – деп, оны айналдыра қарап, бүйiрiнен шертiп-шертiп қойды да:
  • Тек ойнай бiлетiн аяқ пен соған сай қайрат керек, – деп жымиды. Ұяңдау мiнездi Сарыауыз ақырын ғана:
  • Ойынға қашан шығамыз? – дедi.
  • Асығатын не бар, қазiр сәлден соң шығамыз, – деп Желмая шығар мерзiмнiң шегiн айтты.

IV


Қожалақ ұзақ жатты. Қолының орны дызылдап, шыдатпай барады. Ысып бара жатқан күн шекесiн қыздырып, шыдатар емес.


 


Ол осы кезде барып толық есiн жиып, тiрлiкке кiрiстi. Жалғыз қолымен бұтаққа тырмыса қозғалып iлiнiп қалған қолын алуға жанталасты. Әрең дегенде жан терi шығып, иығынан бөлiнген қолын жерге қағып түсiрдi.


Осы кезде оның құлағына көңiлдене дуылдысқан үн шалынды.



  • Ал дайынсыңдар ма!
  • Тез шығайық далаға!
  • Доп қайда?
  • Мамалақтың қолында.
  • Ал ендеше кеттiк!

Қожалақ тың тыңдай қалды. Үзiлген қолы төменде жатқаны да есiнен шығып кеткендей. Iшiнен күбiр еттi: «Бәрi сыртқа шықпашы екен ғой. Әлгi Қоңыр Қонжық деген сұмырай осыларға қосылған – екен, ә! Тасадан тұрып, тас атсам ба екен, ә!» – деп ызалана ойлады. Осы сәтте ойына жерде жатқан сол қолы оралды. Дереу еңкейдi де, қолын иығына салмақшы болды. Бiрақ алғашқы жiгi ажырап кеткен ол орнына оңайлықпен бара қоймады.


Дегенмен де бiраз қиналып, күш салып орнына келтiрдi де, уњ деп демiн бiр-ақ алды. Содан соң ақырын жүрiп барды да, терезенiң өкпе тұсындағы тал тасасына тығылды. Екi көзi терезеде. Бiр кезде сықыр етiп ашылған терезе кенерiне Арғымақ қарғып шықты.



  • Жарайсың, Арғымақ!
  • Ырғысыңа ризамын!
  • Ендi бiзге көмек ет!

Осы сәтте Желмая да, Ақ Қодық та терезе кенерiне қабаттаса көтерiлдi. Мамалақ та тырмыса өрмелеп шығып келе жатты. Қожалақ аяқ астында жатқан қыры пышақтай қара тасты қолына қалай iлiп алғанын аңғармай қалды. Мамалақтың қақ маңдайынан қонжитып бiр-ақ ұрса, кеудеге тұнған кегi бiржола қайтатын сияқтанып кеттi. Ұруға оңтайланып оң қолын көтере бергенi сол едi, әлдекiм келiп:



  • Тоқта, бекер асығасың! – деп мұның қолынан шап берiп ұстай алды. Қожалақ сасып қалды да, бұған жалт қарады.

Қолындағы тасы жерге түсiп кеттi.



  • Сен кiмсiң?
  • Т с с… үндеме! Қазiр аналар ұзасын. Содан соң айтамын.

Қожалақ сырт пiшiнi өзiне ұқсас, жалбыр шаш бейтанысқа аз таңырқай қарады. Бiрақ оның үнiндегi өзгеше өктемдiк мұның мысын басып кеткендей. Ерiксiз бағынып, ерiксiз иланып қалды.


Осы кезде бұлардың құлағына жiңiшке үн естiлдi.



  • Ей, Сарыауыз, немене сол шәуiлдек Сабалақтың бiр ауыз сөзiне бола өкпелеп, ойынға бармайсың ба?
  • Бармаймын! Айттым ғой, бармаймын деп. Желмая ренiшке толы үнмен:
  • Сабалақ, осы сен бiр күнi жазаланасың. Сарыауызда нең бар?

Iшiмiздегi кiшiмiз де, нәзiгiмiз де сол. Соған тиiсе бергенше, ұялсаңшы, – деп ренжи сөйледi.



  • өзi ғой. өткендегi ойында бiздiң қақпаға екi рет доп жiберiп қойған.

 


Майпалаңдап жүгiре алмайтынын өзiнен көрсiн, – деп Сабалақ ақтала сөйледi.


Ақ Қодық аяушыл, қамқор үнмен Сарыауызға:



  • Жүре бершi. Оған өкпелейтiн не бар? – деп тiл қатты.
  • Ақ Қодық, ренжiме. Менiң бүгiн ойнағым келмей тұр.
  • өкпелеп қалмайсың ба? – деп Ақ Көжек елбең қағып, елгезек сөйледi.
  • Жо-жоқ! Сендерге еш өкпем жоқ!
  • Ендеше, кеттiк! – деп Ақ Қодық баққа қарай құйғыта жөнелдi…

VII


Қожалақ қасына бұқпалап келген бейтанысқа қайта бұрылды.


– Сен кiмсiң?


– Ал сен ше? – деп ол Қожалақтың өзiне ожырая қарады.


– Мен бе?


– Иә, сен.


– Мен – Қожалақпын!


– Сен Қожалақ болсаң, мен Сотанақпын! – деп ысқырына сөйлеп, қарсысындағы Қожалақты қақ маңдайдан перiп жiбердi.


Ол шалқасынан түстi. Сол сәтiнде оның кеудесiне қона түскен Сотанақ Қожалақты алқымынан алып, сығып қылқындырғанда, көзiнен жас шығып кеттi. Зәрлi көздерiн оның өңменiне оқша қадап:


– Осы сағат, осы секундтан бастап, сен менiң қол астымдасың. Айтқаныма көнесiң, айдауыма жүресiң. Ұқтың ба?!


– Ұқтым! Ұқтым! – дедi Қожалақ қырылдап. Осыдан соң барып оның қолы ақырын ажырай бастады.


Қожалақ қарсы тiл қатуға қорқып тұрды. Жаутаң-жаутаң етiп, Сотанақтың сұсты жүзiне қарай бердi. Тiл ұшына үйiрiлген көп сауалдар тұншығып сыртқа шықпай қалды.


– Неменеге мөлиiп тұрсың? Ол сәл кiдiрдi де көзiн сығырайта тыжырынып:


– Менiң бұл дүниеде жақсы көрер ешкiмiм де, ешнәрсем де жоқ. Айнала дүниенiң бәрi жау, бәрi қас. Маған барлық тiршiлiк иелерi сұмпайы болып көрiнедi.


– Неге? Қожалақ қорқа тiл қатты.


– Неге деп сұрауын!? Ол мысқылмен мырс еттi де:


– өзiң ойлашы, бұл дүниеде қандай әдiлдiк бар? Көзiмдi бақырайтып, шашымды жалбыратып, бұтымды тыритып, қолымды маймитып, белiмдi имитiп жасағандар кiмдер? Бәрiн жасаған – сол адамдар. Олардан еш рақым күтуге болмайды.


– Неге?


– Негешiлiн мұның. Әй, өзiң ойлашы, менiң қандай жазығым бар? Осыдан он шақты күн бұрын дүкенде, өтпеген ескi ойыншықтарды сұрыптауға бiр топ адамдар келдi де, барлығымызды көрiп шықты. Барлығын мақтап-мақтап келiп, көпшiлiгiн әлi де сатуға жарамды екен дедi. Ал маған кезек келгенде, сол маңда жүрген Дәурен деген бала: «Мына бiреудiң түрi не деген жаман десiн!». Сол-ақ екен бiр әйел:


 


– Дұрыс айтады, баланың талғамымен есептесуiмiз керек, – дедi. Сол-ақ екен өзгелерi де ал кеп жамандасын менi. Ақыр аяғында iске алғысыз еттi. Сөйттi де сирағымнан алып, ауладағы қоқыс салынған машина үстiне лақтырып жiбердi. Содан қоқыс, қалдық төгетiн үйiндiден бiр-ақ шықтым.


– Қандай аянышты! – деп, Қожалақ қасындағы серiгiне жаны аши бастады.


– Содан қалың қоқыр-соқырдың астынан тұншығып, тырмысып, әрең дегенде құтылып шықтым. Денем шиландай жара, көгермеген жерiм қалған жоқ, – деп үнiне аяныш бере сөйледi. Ол кенет ызалана тiл қатты да, былай дедi:


– Анау ойнап жүргендердi көргiм келмейдi. Қоқыс астында тұншығып мен жатамын, ал олар аппақ үйге кiрiп, аппақ үйден шығып, сауық-сайран құрып жүредi. Жоқ, бұл әдiлеттiлiк емес. Сондықтан мен оларды бұл күйде қалдыра алмаймын, – деп қатарында тұрған жас шыбықты қол қырымен бiр-ақ ұрып, қырши отап түстi.


– Рас, рас, бұл дүниеде еш әдiлдiк жоқ. Мен де Мамалақтан қорлық көрген мүскiнмiн. Жазықсыз жапа шектiм, – деп Қожалақ қалбақтап қалды.


– Жапа шексең, алынар кек алда. Тек маған серiк болуға жарасаң болды. Мен ойыншықтар ордасын талқандауға келдiм. Дәурен дегенге көресiнi көрсетемiн, – деп ызалана сөйледi. Қожалақ қуанғанынан секiрiп түстi. Оның да Дәуренге деген ескi кегi есiне оралды. Бұның да ұзақ уақыт бойы ескi сарайда шаң басып, отынға басылып жатқаны ойына оралды. Ол Сотанақты құшақтай алып, бетiнен құшырлана сүйгiсi келiп кеттi.


Сотанақ тоқтаған жоқ. Келген бетте терезенiң төменгi жақтауына қарғып шықты. Артына жалт қарады да, аузын ашып аңқайып, абдырап тұрған Қожалаққа қарады.


– Сен неменеге состиып тұрсың? Шықпайсың ба берi, – деп зәрлене әмiр еттi.


Қожалақ сасқалақтап қалды да, апалақтап төменгi кенереге тырмысып- тартысып шыға бастады.


– Iшке түс! Екеуi қатар секiрдi.


Қолын мықынына тiреп алған күйi Сотанақ айналасына сығырая, зәрлене зерлей қарады.


– Мына машиналарды, кеме, самолеттердi не үшiн самсатып тiзiп қойған?! Ол мырс еттi де, оларды бiрiнен соң бiрiн шиыра лақтырып, төңкерiп тастады.


– Әй, Қожалақ, кәне, анау құлаған машина-пашиналардың үстiн басып тепкiле де, талқандай бер! Қарап тұрма құр босқа! Қожалақ берiлген әмiрдi орындауға құлшына кiрiсiп кеттi.


Әуелей секiрiп, әулекiлене айқайлап, тепкiлей таптап, жанши бердi, жанши бердi. Ызалына ырсылдап, әр бөлек ойыншықтарды құшырлана қаусатып, ойранын шығарды.


VIII


Сарыауыздың зәресi зәр түбiне кеттi. Көзi ұясынан шығып, бүкiл денесi дiрiлдеп, қоңыр сөре мен қабырға арасындағы қуысқа бүрiсе тығылды.


 


Сотанақ қос қолын бүйiрiне таяп, Қожалақтың қимылына қанағаттанған күйде бөлме iшiнде маң-маң басып жүрдi.



  • Жарайсың, Қожалақ! Қолыңнан қаусату келетiнiне көзiм жеттi. Мақтау сөз естiген Қожалақ мүлдем есiрiп кеттi. Бұрынғыдан да екiлене, елiре тептi.
  • Әп, бәлем! Әп, бәлем! Мамалақтың сазайын осылай тартқызайын! – деп әбден құтырынып алды.

Сарыауыздың қатты қорыққандығы сонша, тынысы тоқтап қалғандай. Бойын жаман үрей бiржола билеп алды. Кенеттен қатты екпiнмен тебiлген машинаның дөңгелегi ұшып шықты да, бүрiсе бұғып отырған Сарыауыздың кеудесiне сарт ете қалды. Ол жанұшыра айқайлап жiбердi.


Қожалақ та, Сотанақ та елең етiп, дыбыс шыққан жаққа бұрылды. Қожалақ ентелей барып, қуысқа сығалай қарады да, айқай салды.



  • Мына Сары пәленi қара! Тығылып отырысын! Кәне, шық берi! Кеудесi қатты ауырып қалған Сарыауыз қуыстан ауыр қозғалып, берi жылжыды.
  • Ана Мамалақтың құйыршығының бiреуi сен екенсiң ғой? – дедi ол зекiп.
  • Жоқ, мен ешкiмнiң құйыршығы емеспiн.
  • Ендi несiнiң?
  • Мен – Сарыауызбын!
  • Не осында тыңшы болып қалдың ба жоқ қарауыл болып қалдың ба?
  • Ешкiм де болып қалғаным жоқ. Ойнағым келмедi.
  • Неге ойнағың келмейдi? Сен тектен-тек қалған жоқсың. Сен бiздi аңдып қалдың – деп Қожалақ Сарыауызға шүйiле бастады. Сарыауыз без-без етiп:
  • Мен ешкiмдi   де   аңдуға   қалғаным   жоқ,   –   деп   аянышты   үнмен шырылдады.

Сотанақ кесiмiн бiр-ақ айтты:



  • Бiзге арамзалық жасағаның үшiн сенi өлiм жазасына кесемiз. Басыңды шауып, сирағыңды сындырып, қанатыңды қырқып, шыбын жаныңды жањанамға жiберемiз!
  • Жазығым не? Менде ешқандай арам ой болған жоқ. Сендердiң мұнда келетiндерiңдi мен бiлмеймiн де!
  • Ендi неге тығыласың? – деп Қожалақ түнере шүйiлдi.
  • Қорқып кеттiм. Кiрген бетте машиналарды қаусата бастадыңдар ғой, – деп қорғанды Сарыауыз.
  • Жоқ, тәжiкелесiп, дауласып тұрар уақыт жоқ. Үкiм бiреу-ақ. Ол-өлiм. Сондықтан ол орындалуы тиiс! – деп Сотанақ жылан көзiн Сарыауызға оқша қадады.
  • Жазығым не, ағатайлар-ау! Айтып өлтiрсеңдершi, – деп шырылдады.
  • Жазығың сол, қожаларың-адамдардан менiң көрген қорлығым жетерлiк! Айттым бiттi. Екi сөз жоқ! – деп долыра айқайлаған Сотанақ қабырғада iлулi тұрған қылышты қынабынан суырып алды.

Сарыауыз терезеге қарай қаша жөнелдi. Қожалақ алдын кес-кестей бердi. Жарқ ете қалған қылыш Сарыауыздың басын отап түстi. Әлсiз ғана «А-а-а!» деген дыбысы бiр сәтке естiлдi де, үнi өштi. Бастан бөлiнген дене екi-үш рет қойқалақтай адымдап барды да, кирелең етiп құлады.


Көзi қанталаған Сотанақ ысқырынып:


 



  • Әлi кегiм қайтқан жоқ, – деп құтырынып жүр. Оның бұл түрiнен Қожалақтың өзi де қорқып кеттi.
  • Әлгi Дәурен деген қудың сүйiктiлерi қайда? – дедi Қожалаққа. Ол лып ете қалып:
  • Мұнда! – деп саусақ ұшын көршi есiкке нұсқады.


Тақиялы Балақай көпке дейiн демiгiн баса алмай, Қожалақтың қатiгездiгiне қатты налып отырды. Қасына ақырын басып, Аяз Ата келiп, қамқор үнмен сөйледi.



  • Жә, мұңайғаныңмен ештеңе шықпайды. Бiзге жасу жараспайды!

Онсыз да Мамалақ Қожалақтың сазайын тартқызды емес пе? – деп арқасынан қақты.


Ақша Қыз оған қамқор пейiлмен тiл қатты.



  • Иә, Аяз Ата дұрыс айтады.
  • Ренжуiң де дұрыс. Дегенмен де сабырлы болу кiмге болса да жарасады, – деп өз ойын бiлдiрдi.

Тұлымды Қыз үндемей қалды. Тақиялы Балақайдың, неге екенi белгiсiз, жүзiне тура қарауға именшектей бердi. Бiрақ сол мезетте, болған оқиға кезiнде, Балақайды Қожалақ қылқындырғанда, бұл шыңғырып жiбере жаздап, өз-өзiн ұстап қалған болатын.


Дәурен бұл екеуiн үйге алып келген күнi мұның қуанышында шек болған жоқ. Оларды өзi жататын ағаш төсектiң тұсындағы сөреге қатарластырып қойғаны есiнен кетпейдi.


Тақиялы Балақайдың күлiм қаққан көзi, күлкi үйiрiлген ерiнi, оюлы тақиясы, үстiндегi зерлi шапаны – бәрi, бәрi бұған ерекше сүйкiмдi көрiндi. Иықтары жанасып, түйiсiп тұрған сәтте мұның тал бойымен жүгiрiп өткен сезiм толқынын тiл жеткiзiп айту-қиынның қиыны.


Тұлымды Қыз Аяз Ата мен Ақша Қызға да тез үйiренiп кеттi. Оларға қосылып, оның өзi де оған бiр ауыз жылы лебiз бiлдiргiсi келдi. Бiрақ өзiнен өзi қымсынып, айтар сөзi аузына түспедi. Кiшкене жүрегi лүпи соғып, кеудесiн жарып кетердей бұлқынды. Аз ғана уақытқа орнаған осы көңiлсiздiктi Аяз Ата бұзды.



  • Жә, жетер. Сары уайымға салына бергеннен келер пайда шамалы.

Одандағы бойды сергiтер, ойды сергiтер тiрлiкке көшейiк?



  • Олай болса, не iстегенiмiз жөн? – дедi Ақша Қар.
  • Ойларың жүйрiк, миларың жас! Оның жолын өздерiң айтыңдар, – дедi Аяз Ата қуақылана.

Тұлымды Қыз ақырын ғана:



  • Жұмбақ айтыссақ қайтедi? – дедi.

Ақша Қыз серiгiнiң ойын қуана қоштады.



  • Табылған ақыл! Шанында да  айтыссақ-айтысайық! – деп, Ақша  Қыз алақайлап жiбердi.
  • Сонда жұмбақты кiм айтады? – деп Тақиялы Балақай таңдана сұрақ қойды.

 



  • Е, әрине, мен айтам да! Көптi көрген көнемiн,

Қызық көрiп келемiн. Ойға түйген сырымды,


Жұмбақ қылып беремiн, – деп Аяз Ата тақпақтап жiбердi.


Х



  • Пәлi Аяз Атамыздың мұншалықты ақын екендiгiн кiм бiлген! – деп Тақиялы Балақай недәуiр таңданды.
  • Ал, тыңдай   қойыңдар,   мен    сендерге жұмбақ айтайын. Кiм бұрын шешесе, соған деген сыйым бар, – деп ыңғайлана бастады.
  • Айтыңыз.
  • Ал, тыңдайық! – деп үшеуi Аяз Атаға бет бұрды.
  • Ендеше, мен бастайын. Кәне, кiмнiң ойы жүйрiк екен? Үшеуi де назарын Аяз Атаға бұрды.

Құлақтары елеңдеп,


Жүргенi ылғи дедеңдеп.


Бұл не?


Үшеуi бiр-бiрiне қарасты. Тұлымды Қыздың көзiнде ұшқын ойнады. Аз сәтке Тақиялы Балақайға ұрлана көз салды да:



  • Қоян! – дедi көңiлдене дауыстап.
  • Тауып кеттiң, Тұлымдым, – деп, Аяз Ата жұмбағын әрi қарай жалғады. Маң-маң басып жүредi,

Шөптiң нәрiн бiлiдi, Апта бойы сусыз-ақ, өмiр сүрiп жүредi


Бұл не?



  • Түйе, түйе! – дедi Тақиялы Балақай асыға сөйлеп.
  • Таптың, Балақайым, таптың. Бұл жұмбақтың шешуiн Ақша Қыз да тапқан. Бiрақ Балақай алдын орап, айтқызып үлгертпедi.
  • Әрi қарай айтыңыз! – дедi Тұлымды Қыз. Yйдiң маңы тұрағы,

Аула қорғау – ұраны. Егелерiн көргенде, Еркелеп бiр тұрады


Бұл не?



  • Күшiк! – деп Тұлымды Қыз сарт өткiздi. Оған жетеқабыл Ақша Қыз:
  • Ит! – дедi. Аяз Ата шек-сiлесi қата күлiп:
  • Екеуiңдiкi де дұрыс! – дедi. Ақша Қыз аздап қызарақтап қалды. Балақай қутыңдап:
  • Әрi қарай айта түсiңiзшi, – дедi ынтық сезiммен.
  • Несi бар, айтсам айта берейiн, – дедi Аяз Ата. Мойыны садақ иiлген,

Жал – құйрығы сүзiлген,


 


Тұяғы тиген қара тас, Құмғайыр боп үгiлген.


Бұл не?


Жұмбақтың шешуi Балақайдың тiлiнiң ұшына үйiрiлiп келiп тұрды. Бiрақ әдеп сақтап, екеуiне кезек бергендей сыңай байқатты.


Ақша Қыздың жүзiнде ойланған қалып бар. Тез тапсам деген құмарлық пен құлшыныс қатар андағайлайды. Iле-шала:



  • Ат, тұлпар! – деп айтып үлгердi. Алғашқы жұмбақтардың шешуiн толық қатыса алмағанына намастанғандай шапшаң айтты.
  • Дұрыс! өте дұрыс! – деп, Аяз Ата айырылмас серiгiнiң дәл тапқанына риза болды.

Содан соң былай дедi:



  • Жә, жұмбақты бәрiң де шеше алатындықтарыңды байқаттыңдар. Ендi мен бiр қызық ойын ұйымдастырайын. Оған қалай қарайсыңдар?
  • Қандай ойын?!
  • Тез айтсаңызшы!
  • Асықпаңдар. Қазiр сендердiң тапқырлықтарыңды, ақындықтарыңды байқап көрейiк! – дедi оларға сынай қарап.

ХI


Үшеуi демдерiн iштерiне тартып, лепiрген көңiлдерi сабырға ауысып, тынши қалды.



  • Мен өлеңнiң бiр жолын айтамын. Сендер соған ұйқасты сөз тауып жарысасыңдар.
  • Қиын екен! – дедi Ақша Қыз.
  • Айта аламыз ба? – дедi Тұлымды Қыз күдiктенiп.

–Нәр тәуекел! Көрелiк, – деп Тақиялы Балақай құлшыныс бiлдiрдi.


–Ендеше бастаймын, – деп Аяз Ата бәрiне сынай қарады. Содан соң сөзiн жалғап:


–Мен алғашқы жолды айтып, кiмнiң жүзiне қарасам, сол келесi ұйқасты жолды тауып айтады. Шартына келiстiк қой!



  • Келiстiк!
  • Келiстiк!
  • Ал ендеше бастаймыз!
  • Бастасақ бастайық! Аяз Ата:
  • Қожалақтан құтылар күн бар ма екен, – дедi де Ақша Қызға қарады. Ол бiраз ойланып тұрады да:
  • Мiнезiнде шiркiннiң «мiн» бар ма екен?! – деп едi, Аяз Ата мен Балақай мырс етiп күлiп жiбердi.

Ақша Қыздың сөзiн Тұлымды Қыз iлiп әкеттi. – Yлкен менен кiшiнiң жақсы ақылын, – дегенде Тақиялы Балақай еш мүдiрместен.



  • Құлақ қойып, ынтамен тыңдар ма екен! – деп шапшаң аяқтады.
  • Кәне, қосып айтып, бiр тыңдап көрейiкшi.
  • Иә, сөйтейiк.

 


Қожалақтан құтылар күн бар ма екен?! Мiнезiнде шiркiннiң «мiн» бар ма екен. Үлкен менен кiшiнiң жақсы ақылын,


Құлақ қойып, ынтамен тыңдар ма екен!


Аяз Ата мәз болып, дорбасына қол салды. Хош иiсi мұрын жарған бiр-бiр қызыл алмадан үшеуiне ұсынды.



  • Рахмет!
  • Рахмет, Аяз Ата! – десiп олар риза болысты.
  • Ендi тағы бiр шумақ өлең шығарсақ қайтедi!? – дедi Балақай.
  • Кiмге? – дедi Аяз Ата.
  • Дәуренге, өзiмiздiң сүйкiмдi Дәуренге, – дедi ол. Шырайында шын шабыттың нұры ойнайды.

Үшеуi де Балақай ойын қолдай кеттi.



  • Алғашқы жолды кiмнiң айтқаны жөн? – дедi Тұлымды Қыз.
  • Әрине, жолы да үлкен, жасы да үлкен Аяз Ата айтады да! – дедi Ақша Қыз.
  • Ендеше тыңдаңдар. Ал тыңдайық, – дестi олар ынтық көңiлмен.
  • Сүйкiмдi мол көзi бар күлiмдеген.

Аяз Ата Тұлымды Қызға қарады. Ол сәл ойланды да:



  • Достарына ғажайып гүл iздеген, – дедi.

Тұлымды Қыз Балақайға қымсына қарады. Екi бетiнiң ұшы ду етiп қызарып кеттi. Балақай да дайын тұр екен, iле-шала:



  • Әр адамда болса егер Дәурен-жүрек, – деп едi Ақша Қыз ерекше шапшаңдықпен:
  • Нұрға айналар бар әлем күн iздеген, – деп жiбердi. Аяз Ата мәз болып, барлығын арқаға қақты.

Ақша Қыз өлең жолдарын iштенi бiр қайталап алды да, дауыстап, жатқа айтып шықты.


Сүйкiмдi мол көзi бар күлiмдеген, Достарына ғажайып гүл iздеген.


Әр адамда болса егер Дәурен-жүрек, Нұрға айналар бар әлем Күн iздеген!


Балақай:



  • Осы өлеңдi Дәуреннiң өзi естiсе, әбден қуанатын болар, – дедi.
  • Қуанбағанда ше?! Әбден қуанады.

Осы сәтте Тұлымды Қыз бiр ұсыныс айтты.



  • Осы өлеңдi үлкен қағазға жазып, төрге iлiп қояйық!
  • Орынды ой! Әбден қолдауға тұрарлық, – деп Аяз Ата Тұлымдының сөзiн құп көрдi.
  • Кiм жазады?
  • Мен жақсы жазамын! – деп Балақай ынта бiлдiрдi…

ХII


Желмая мен Арғымақ бастаған екi топ додадоптың қызығына әбден түсiптi. Желмая жағында ойнаған Сабалақ пен Ақ Қодық мейлiнше қызынып


 


алған. Соңғы допты қақпаға соққан Сабалақ танауы делиiп, екi құлағы елерiп:


Әй, Ақ Қодық, Ақ Қодық. Желмаяға жақ Қодық Алдындағы добыңды,


Туралап маған соқ, Қодық! – деп өлеңдетiп жiбердi.


Қарсы қақпаға тұрып алған Мамалақ Сабалақтың, өлеңiн тыңдап, қарқ- қарқ күлдi де, ол да өлеңдетiп жiбердi.


Сабалақ-ау, Сабалақ, Жүрсiң неге абалап?


Сонша мәз боп бiр допқа Жүргенiң тiптен жаман-ақ.


Ақ Қодықтан доп алған Сабалақ Арғымақты алдап өтiп, қақпа алдындағы Мамалаққа допты туралап салды.


Тағы да өлеңдетiп жiбердi. Әй, Мамалақ, Мамалақ,


Қақпаны жүрсiң жағалап, – деп, бар денесiмен кесе көлденеңдеп келе берген Мамалақтан жалт бұрылып, алдап өттi де бос қалған қақпаға допты бiр-ақ ұрды.


 


Мәз боп аунап жата кеткен Сабалақ: Тепкен добым дәл тиiн…


Сендерге болды-ау обал-ақ, – деп орнынан атып тұрды да, өз алаңыңа қарай зымырап жөнелдi.


Ақ Қодық құйырығын шаншып, құйғытып бара жатып:



  • Есеп 3:2 болды! – деп қуана айқайлады.

Қақпа алдында маңғаздана тұрған Желмая әбден көңiлденiп алған.



  • Сабалағым, сабазым,

Намысқа бүгiн жарадың, – деп риза болды.


Кенет шетте тұрған Ақ Көжек отыра қалды да өксiп жылап жiбердi. Барлығы оның тосын мiнезiне үрпиiсiп қалды. Елгезек мiнездi Ақ Қодық құйғытып шауып келдi де:



  • Ой, саған сонша не болған? Соған да жылай ма екен? – дедi
  • Е, жыламай ше! Алдында ұтып тұрып, ұтылып қалсаң ше, – деп одан әрмен өкси жылады.
  • Жылама! Бұл ойын ғой, – деп Мамалақ та келiп, өз жақтасын жұбатып жатты. Бiрақ жұбатқанға жұбанар Ақ Көжек жоқ. Еңсесi түсiп, езiле, егiле жылады. Содан соң еңкiлдеп жылаған күйi үйге қарай құлдырай жөнелдi. Барлығы аң-таң халде тұрып қалды.

ХIII


Балақай Дәуренге арналған арнау өлеңдi әдемi етiп жазып, ашық тұсына оның күлiм қаққан бейнесiн қоса салып, қабырғаға iлiп жатқан едi. Аяз Ата арнау өлеңдi қайта-қайта дауыстап оқып, әбден сүйсiнген кейiппен бөлме iшiнде жүрген. Тұлымды қыз Балақайға жымың-жымың етiп қарап қояды да,


 


көзiн тайдырып әкетедi. Балақайдың жалт-жұлт еткен жанарындағы жұмсақ жар-қыл мұның жүрегiн де сәулелендiрiп өткендей.


Ақша Қыз таңдай қаға таңданып:



  • Дәурендi келiстiрiп – ақ салған екенсiң, Балақай! – деп мақтап қойды.
  • өлеңiмiз де келiстi шықты емес пе! – дедi Балақай соңғы түймелi шегенi қағазға шаншып жатып.

Тап сол кезде сарт етiп ашылған есiктен Қожалақ пен Сотанақ қосарлана ендi.


Балақай қабырғаға сүйенген қалпы қатып қалды. өз көзiне сенерiн де, сенбесiн де бiлмедi. Шуақты нұрға толы бөлме iшiн үскiрiк аяз лебi қарып өткендей. Сотанақ жолында тұрған Тұлымды Қызды шынтағымен қағып жiберiп, бөлме ортасына келiп тұра қалды. Шiрене жүрiп, шырт түкiрiнiп қойды да, сығырайған суық көзiн қабыр-ғадағы жазуға қадады.


Сүйкiмдi мол көзi бар күлiмдеген, Достарына ғажайып гүл iздеген.


Әр адамда болса егер Дәурен – жүрек,


Нұрға айналар бар әлем күн iздеген! – деп, әр жолын шегелей, нығыздай оқыды да, ащы мысқылымен:



  • Пай, деген-ай! Бөскен екенсiңдер, бөспелерiм! – деп қарқ-қарқ күлдi. Сәл шегiншектей барып, үй бұрышындағы жайлы орындыққа шалқайып отыра кеттi.
  • Кәне, Қожалақ, ақ сақалы алдын жауып тұрған ана шалды менiң алдыма алып келе ғой! – дедi әмiр етiп. Қожалақ шапшаң қозғалып, Аяз Атаға жармаса кеттi.
  • Ой, көргенсiз Қожалақ! Қарт адамның жағасына солай жармаса ма екен?


  • деп шар етiп, Ақша Қыз арасына түсiп, алға ұмтылды. Қожалақ нәзiк қызды шынтағымен қағып жiбердi. Ол шалқалап барып, қабырғаға соғылды.

Әлсiз қарсыласқан Аяз Атаның алдын жапқан ақ сақалынан сүйрелеп, Сотанаққа алып келдi. Иығындағы қапшығы мен аса таяғы жолда түсiп қалды. Сотанақ жылан көзiн Аяз Атаға тура қадап:



  • Анау қабырғадағы мақтау өлеңдi жазған сен боларсың! өзiң өле алмай жүрсең де, ақындығың бар ғой деймiн, – дедi.

Аяз Ата иегi дiрiлдеп:



  • Ой, сен өйтiп көргенсiз болма! Қолыңды тарт сақалымнан! – деп басын жұлқыды. Бiрақ Қожалақтың жiберер түрi көрiнбейдi.
  • Әй, Сотанақ! Мынау әдепсiздiгiңдi тый!

Мұндай сұмдығыңды ел бiлсе, сенi аямайды, – деп Сотанаққа сұстана сөйледi.



  • Ха-ха-ха! Мына жаман шалдың дiлмарсуын! Күш көрсетедi-ей өзi маған.

Аяғының ұшымен Аяз Ата шапанының етегiн серпiп жiберiп:



  • Сенiң қойылған сұраққа жауап бергiң келмейдi-ау деймiн,ә, – дедi. Ол:
  • Менiң саған не деп жауап беруiм керек едi? – деп өзiне қарсы сөйледi.
  • Әй, Қожалақ. Мына қардан шапан жамылған қақпастың қолын артына қайырып байла! – деп әмiр еттi. Қожалақ Аяз Атанын белiндегi қызыл

 


белбеуiн шешiп алды да, оның қарсыласқанына қарамастан қолын байлай бастады.


Ақша Қыз шыдай алмай, жүгiрiп келiп, Қожалақтың бетiнен шапалақпен тартып жiбердi.



  • Оңбаған! Қалай қолың барады! Бетiне былш еткiзiп түкiрiп жiбердi.

Сотанақ орнынан атып тұрып, Ақша Қыздың қолынан алып, шиыра лақтырды. Қанкөбелек ойнаған Ақша Қыз төр алдындағы тiк айнаға соғылды. Соққының қаттылығы сонша, айнаның күлпаршасы шықты.



  • Ой, басым-ай! Ақша Қыз талып қалды.

Тұлымды Қыздың жан даусы шыға шыңғырып жiбердi.



  • Балақай, құтқарсаңшы!

ХIV


Биiкте тұрған Балақай төменге секiрiп түстi. Түскен бете Аяз Атаның таяғын жерден iлiп алды. Сол бетiнде сасқалақтап қалған Қожалақты жон арқадан салып өттi де, Сотанаққа ұмтылды.


Сұмдық жылдамдықпен ауаны ысқырта тiлiп, сiлтелген таяқтан ол бұғып қалып, бұлтарып кеттi. Балақай қайта ұмтылды. Сотанақ еңкейген бетте жерде жатқан қызыл сапты қаламұш шығаратын бәкiнi iле кеттi. Аса таяқ ауаны тағы тiлiп өттi. Бұлтарып кеткен Сотанақ қолындағы бәкiнi Балақайға лақтырды. Қанкөбелек айналған бәкi сарт етiп, аса таяққа дiр етiп қадалды. Балақайдың маңдайынан суық тер шып-шып шықты.


Тұлымды Қыз тағы шыңғырып жiбердi де бетiн басты. Сотанақ ақырып:



  • Әй, сен сүмелек. Не ғып тұрсың? Ұрмайсың ба қолыңдағы сауытпен. Абдырап қалған Қожалақ:
  • Мен қазiр! – дедi де қолындағы қаламұш, қарындаш салған сауытпен Балақайды жiберiп ұрды. Жауырын тұстан тиген тосын соққыдан Балақай теңселiп барып, теңелiп кеттi. Ол артына жалт бұрылып, қатты дауыстады.
  • Тұлымды Қыз, неге тұрсың! Жүгiр, Мамалаққа хабар айт! Сотанақ Қожалаққа ақырып жiберiп:
  • Бар ана Тұлымды сайтанды ұста! – дедi.

Ашық терезеден қарғып шығып, тұра қашқан Тұлымдының соңынан ұмтылған Қожалақты Тақиялы Балақай аяғынан шалып қалды. Ол етпетiнен сырғанап барып, қабырғаға соғылды.



  • Ойбай-ай!

Жалбыр шашының астынан жалт-жұлт еткен зәрлi көзi қанталап кеткен. Сотанақ қолы байлаулы күйде тұрған Аяз Атаны бiр теуiп өтiп, құлатып кеттi. Ақша Қыз әлi талықсыған халден айыға қойған жоқ.



  • Сенi осыдан өлтiрмесем, Сотанақ атым құрсын, – деп кiшкене орындықты аяғынан ұстап алып, оңды-солды сермеп, Балақайдың жұмсаған таяғын көпке дейiн денесiне дарытпады.

Кiшкене бөлме iшiнiң тас-талқаны шықты. Орнынан ыңырсып, Қожалақ көтерiле бердi.


 



  • Әй, Қожалақ, қарап жатпа, тұр орныңнан! Мына сұмның ту сыртынан соқ, – деп әмiр еттi…

ХV


Жүгiрiп бара жатқан Тұлымды Қыз жолда жылап келе жатқан Ақ Көжекке қарсы ұшырасты.


Ақ Көжек кiлт тоқтай қалды. Тұлымды Қыздың өңi әлемтапырық болып, екi көзi ұясынан шығып кетiптi.


Ақ Көжек өз жылағанын ұмытып кеттi де:



  • Ой, Тұлымды, саған не болған? – дедi үрейлi үнмен.
  • Айта көрме, Ақ Көжек! Анда Қожалақ пен Сотанақ сойқанды салып жатыр.
  • Жүгiрейiк, ойбай! Балақайды өлтiретiн болды! – деп еңiреп жiбердi. Болған жайды, анық-қанығын толық ұқпаған Ақ Көжек керi қарай безiп жөнелдi.
  • Мамалақ! Арғымақ! Тынық ауаны жаңғыртқан ащы дауыс ойын алаңына айқын жеттi.
  • Не болды?! – дедi барлығы шырқыраған Көжек даусына елең етiп.
  • Қожалақ пен Сотанақ деген пәлелер келiп қырып жатыр дейдi!
  • Не дейдi?!

Арғымақ дүсiрлетiп шауып ала жөнелдi. Желмая Мамалаққа қарады. Мамалақ Желмаяға қарады. Екеуi бiрiн-бiрiн айтпай ұқты. Желмая жартылай шөге бергенде, Мамалақ өрдеш өркешке жабыса мiнiп алды.



  • Шу, Желмая! Орнынан шапшаң көтерiлген ол тайпалап алып жөнелдi.

Жылдамдығы сондай, айнала жер шыр айналып, дөңгеленiп бара жатты.


Мамалақтың көз алдына Қожалақ келдi. Ызадан булығып, өлердей болып алған. Тас түйiлген қабағы жауар бұлттай түнерген. Алдыңғы аяғының тырнақтары түйе өркешiне кiрiп бара жатты.



  • Әй, бәлем, осыдан қолға түссең, дәдеңдi берермiн! – деп дауыстап жiбердi.

Арғымақ оқ бойы озып келiп, терезе алдына қарғып шықты да, қатты кiсiнеп жiбердi. Делиген қос танауынан будақтап бу бұрқырайды. Айра- жайра бөлме iшiнде Ақша Қыз бен Аяз Ата ыңырси құлап жатыр. Балақай терезе кенерiне басын ауыр сүйеп тұрып қалған. Басындағы тақиясы жерде жатыр.


Арғымақ терезенiң табан тақтайын тарпып-тарпып жiберiп:



  • Не қып тұрсың, Балақай! Мiн үстiме! Олар ешқайда қашып құтылмайды. Бол тез! – деп әмiр еттi. Арғымақ сөзi қамшы болған Балақай есiн тез жиып, шапшаң көтерiлдi де, үстiне қарғып мiндi.

Осы сәтте Желмаямен Мамалақ та жеткен едi.



  • Екi сұм қашып үлгерiптi. Кәне, қуалық!
  • Қай бағытқа қашты екен? – дедi Желмая.

Айналаны барлай қараған Мамалақ алысқа көз салып жiберiп, қуана айқалап жiбердi.



  • О, анада, сонау тұстан көрiндi.

 



  • Қайдан?! Арғымақ аспанға шапшуылдап, арқырай кiсiнедi.
  • Сонау шөмеле тұрған қырқыдан төбелерi қылт ете қалды.
  • Тарт, Желмая!
  • Бас, Арғымақ! Балақай басына тиген соққыны бiржола ұмытып кеттi.

ХVI


Кешiгiп жеткен Ақ Қодық пен Ақ Көжек, Сабалақ пен Тұлымды Қыз төртеуi терезеден iшке секiрiп-секiрiп түстi. Ақ Көжекте үрей жоқ. Сабалақ ыңқылдап жатқан Аяз Атаны айналсоқтап, оған жанашыр пейiлмен еркелеп:



  • Басыңды көтершi, Аяз Ата! Тұлымды Қыз, мұнда келiп көмектесшi, басын көтерiсшi, – деп бәйек болып жүр.
  • Қазiр, қазiр. Ақша Қыз да есiн жинап қалды, – деп Тұлымды Қыз кесемен су әкелiп, оның бетiне бүркiп жатты.
  • Оңбағандар!

Мына бөлменiң ойранын шығарыпты-ау! Аяз Ата мен Ақша Қызды да аямаған екен. Мен оларға қазiр көрсетейiн. – деп Ақ Қодық терезенiң кемер тақтайына атылып шықты да, секiрiп түсiп, шөмелелi қырқаға қарай құлдырай жөнелдi.


Байыз таппай, әрлi-берлi секектеп жүрген Ақ Көжек көршi бөлмеге кiрiп кеткен. Бiр уақытта сұмдық қорқынышқа толы үреймен шыңғырған Ақ Көжектiң үнi шықты.



  • Ойбай, бауырым-ай! Сарыауыз-ай! өлтiрiп кетiптi! өлтiрiп кетiптi! Тұлымды Қыз теңселiп кеттi.
  • Құдай-ай, не дейдi?!!

Аяз Ата тез есiн жиып, еңбектей жөнелдi. Ақ Көжек Сарыауыздың бассыз денесiн құшақтап, бөлiнген басты қолына ұстап, еңiрей жылады.



  • Момақан ғана, Сарыауыз-ай! Ендi сенсiз қайтып өмiр сүрмекпiз? Сенсiз қайтып ойнамақпыз? Атаңа нәлет, Қожалақ!

Ақша Қыз да орнынан әрең тұрып, есiкке қарай әлсiз қозғалды. Кең дүние тарылып, көз алды жасқа шыланып, мұнартып сала бердi…


ХVII


Арғымақпен ағызып келе жатқан Балақай шөмеле түбiнде қаңтарулы арбада бос жатқан жiңiшке  қол арқанды көзi шалып қалды.



  • Аялдай бер, Арғымақ! Арбамен қатарлас! – дедi. Қалдайлы арбамен қапталдаса берген Балақай арқанды iлiп әкеттi.
  • Аналар қиғаштай қашты ғой. Төтеден құлдилай қосыл! – дедi де Арғымақ үстiнде келе жатып, арқан ұшын тауып алып, iлгектеп бұғалық жасады.
  • Әй, Содыр Сотанақ! Сазайыңды тартасың! – деп айқайлап қояды. Желмая мiнген Мамалақ Қожалақты нысанаға алып барады.

Желден жүйрiк Желмая жырыла қашқан Қожалақтың желке тұсынан құдиып алыпты. Ендi бiр тарпыса, таптап өтiп кететiндей екен.


Балақай қөз қиығымен соны шалды. Екi көзi алда.


 


Арғымақ Сотанаққа оқ бойы қалды-ау дегенде, Балақай қолындағы бұғалықты тастауға оңтайлана бердi. Iшiнен: «Иә, пiрiм Қамбар ата, қыл арқанды мойынға, жебеп, демеп салуға дем бергейсiң», – дей бердi де:



  • Уа, пiрiм Қамбар ата! – деп Балақай ышқына айқайлады. Ауа дiр ете қалғандай.

Қыларқан Сотанақтың мойнын қылқындырып, ысып өткенiн Балақайдың алақаны сезе қойды.



  • Ойбай, өлдiм! Сотанақ құлындағы дауысы құраққа шыға шыңғырды.

Балақайдың көз қиғы ерiксiз Мамалақ жаққа түсiп кеттi. Қожалақ жерде ұзынынан сұлап түсiп жатыр екен. Мамалақ пен Желмая оған төне тұрыпты…


ХVIII


Күн артынан күндер зулап өтiп жатты. Шағын бөлменiң iшiн жайлап алған көңiлсiздiк бұлты көп күнге дейiн серпiлмей қойды. Ақ Көжек пен Тұлымды Қыз қасындағыларға бiлдiрмей, көз жастарын сығып-сығып алады. Ара-тұра ауыр күрсiнiп қойған Ақ Қодық өткенде Сарыауызды күштеп, ойынға неге ала кетпедiм екен деп қайта-қайта өкiнiш бiлдiрiп, басын шайқайды. Қатарында тұрған Сабалаққа тиiскiсi келiп кеттi. өткен ойында қақпаға доп жiберiп қойдың деп тиiспегенде, мүмкiн өкпелемес те едi-ау! Әй, Сабалақ-ай! Кеше кешкiлiк көкейiне келген ащы ойды айтып-ақ салған болатын. Сонда Сабалақ егiле жылап:



  • Мен қайдан бiлейiн. Күндегi ойынымыз ғой, әзiлiмiз ғой. Бұлай болатынын бiлгенде… – деп сөз аяғын айта алмай, ал кеп жыласын. Ақ Қодық өзi бас болып, өзгелерi қош көрiп, әрең жұбатып алды. Бiрақ ол көпке дейiн өксiгiн баса алмай жатып, ұйықтап кеттi…

Түс көрдi. Сарыауыз мөп-мөлдiр айнадай көл бетiмен жүзiп бара жатыр екен. Лағыл моншаққа ұқсаған мөлдiр көзi әдемi-ақ. Бұған қарап бұрылып- бұрылып қарап қояды. Сабалақ болса, кiшкене қайыққа отырып алып, соңынан қумақ болады. Бiрақ ескегiнiң есiлуi ауыр, қайықты ақырын қозғайды.



  • Сарыауыз! Сарыауыз! Керi қайтшы, өкпелемешi маған. Кешiр менi!

Сабалақтың кешкi ауамен жаңғырыққан үнi бұйра-бұйра ақша бұлтардың арасына сiңiп, әлсiреп барып, құмыға үзiлiп жатты. Кенет ол:



  • Сабалақ! Сабалақ! Бiздi құтқаршы! – деп, үндерi қырылдай, тарғылдана шыққан дауыстарды естiдi. Көл жағасындағы биiк талға салбырап асулы тұрған Қожалақ пен Сотанақты көрдi. Әуеде аяқтары тыраңдап, күлкiлi қозғалақтайды.
  • Құтқаршы бiздi! Құлдарың болайық! Табандарыңды жалайық!

Сабалақ екi құлағын тарс бiтеп алды. Екеуiнiң жүзiне қарағысы да келмедi…


ХIХ


Кенет әлде не тысырдан ол селк етiп оянып кеттi. Күн кешкiрiп, алагеуiм болып қалған екен. Арғымақ пен Желмая, Ақ Қодық пен Ақ Көжек, Аяз Ата


 


мен Ақша Қыз – барлығы терең ұйқыда екен. Ендi бұларға да кiнә жоқ. Күнi бойы құлаған, қаусаған заттардың барлығын реттеп, жөндеп, бiраз шаршаған. Дәурен ертеңдерi жайлаудан келуi тиiс. Барлығының көкейiнде бiр-ақ ой, бiр- ақ тiлек. Ол – күн көңiлдi Дәуреннiң жүрегiн мұң шарпымаса деген ниет. Сарыауыздың бөлшектелген денесiн көргенде не дер екен? Сабалақ осы сәтте барлығының мұңайсып жүдеп қалғаны ойлады. Қатарындағы Мамалаққа көз салды. Ол тәттi ұйқыны соғып жатыр. Анда-санда танауы әлсiз жыбырлайды. Сабалақ ерiксiз езу тартты.


«Танауына ара балының иiсi келiп жатыр ма екен?» – деп ойлап қойды да, жыбырлаған танауынан шертiп жiбергiсi келiп кеттi.


Әлде не тысыр ете қалды. Сабалақ айналасын барлай қарап, тың тыңдады. Сәлден кейiн құлағына күбiрлеген бөгде үн естiлгендей болды. Кiмдер болды екен, ә?


Қарсы бұрыштағы кiшкене үстел үстiне терезе тұстан әлдекiм секiрiп түстi. Бөлме iшiн кеуде жарған хош иiс алып жүре бердi.



  • Мiне, мына раушан гүлiн саған әкелдiм!
  • Рахмет, Балақай! Сен менi сөге кермешi.
  • Не үшiн? Сөгетiн еш нәрсе болған жоқ қой.
  • Сонда да…
  • Түк те емес. Сенiң менi жақсы көретiнiңдi баяғыда-ақ сезгенмiн. Мен де сенi жақсы көретiнмiн. Бiрақ айтуға ұялып жүрдiм.
  • Рас па?
  • Рас. Әйтеуiр сенiң Тұлымыңа көз салсам, жүрегiм дiр ете қалатын. Бiрақ мен ұялшақпын ғой.

Тұлымды Қыз сықылықтап күлдi.



  • Мына гүлдiң иiсi қандай ғажап едi!..

1994 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу