Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  176


Автор: Біржан Сөктай

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ МЕН БІРЖАН СӨКТАЙ айтысы

Дәулеткерей:
Алматым – махаббатым алғаш менің,
Шыңына Хан Тәңірдің жалғас төрің.
Қасқайып қарт Алатау Жетісудың
Төріне құрып отыр малдас керім.
Саумалды Сарыарқаның сәлемін ал,
Кеп қалдым дидарыңа дәмдестерім.
Ордалы ордам едің, ҚазҰУ аймақ,
Қалайтын ұл-қызының арда өскенін.
Шәкірт боп сенде білім алмағанда,
Өлеңнің кәусарына қанбас та едім.
Армысың, Алатаудың баурайында
Маңдайын күн сипаған марқасқа елім!
Шоқ құйған жанарыма жасындардан,
Алматым, топырағыңды басу да арман.
«Астанам – баспанам» деп жыр жырлаған,
Қадіріңе жетер ме ем, Қасым – жалған.
ҚазҰУ-ым – құтты қара шаңырағым,
Ғұрпың бар ғибратты ғасырлардан.
Ұяңнан ұшқан түлек мен болғасын,
Шаттықты ел шапағатын шашуда алдан.
Сезімнің сексен көлін толқытармын,
Өзіңнің бар киеңе бас ұрғаннан.
ҚазҰУ-ым, сағынышпен жеттім саған,
Оттай жанған он сегіз жасым қалған!
Қызыл-жасыл дүние – жалған, жалған,
Жалғандар жасақталған армандардан.
Дидарың ғайып болған дүниесің,
Қобыз шалған Қорқыттай шалдан қалған.
Әлімсақтан белгілі бес күндіксің,
Әз Жәнібек, әз Тәуке ханнан қалған.
Бес күндікте ұлтымның ұлылығы
Заманы озық жандармен заңғарланған.
Тәуелсіздік – тәбәрік, мысалдасақ,
Әмір Темір, Абылай арландардан.
Келелі кеңес қалған келешекке
Кенесары, Махамбет тарландардан.
Алаштың ай мүйізді серкелері –
Әлихан, Тұрарлардан ауған жалған.
Өте шыққан өткінші өмір едің
Ахмет, Жүсіпбек пен Мағжандардан.
Тамып түскен тағдырсың көз жасындай
Қыршын кеткен Қайраттай бағландардан.
Осындай құтты өмірдің құрбандары
Қазақтың елдігіне қарманғаннан.
Тағдырдың тайғақ кешу, тар жолында
Арту-арту белдерде нар қомдалған.
Ал айтыс – бейбіт күннің берекесі,
Жанымызға Жаратқан жар болғаннан.
Ұлыс күні ұлтына тілек айтар
Перзентіңнің пейілі ақ жауған қардан.
Маңдайыңа жазылсын мәңгілікке
Азаттықтың ақ жолы Алла оңғарған!
Сұқтанып сұлуларды көзге алатын
Бұл Біржан – бұлғақтаған бозбала ақын.
Өсер елдің көшелі ұланы едің
Уақыттың көшімен қозғалатын.
Елдің сөзін айтатын ер жігітсің,
Әке көрген баладай оқ жонатын.
Алатау асқарында қалықтатар
Қылыш топшы қыранның жез қанатын.
Шын дәлел – мыңнан тұлпар шығып жатса,
Туған ел тұмарлайды озған атын.
Бұл айтыс екеуіміздің арамызда
Сүбелі сайыс болсын сөз қалатын.
Ақын болсаң, көрейік, айтқан сайын
Сексеуілдің шоғындай қозданатын.
Біржан:
Бісміллә, сөз сөйлейін тойда астарлай,
Алқалы әлеуметке ой тастардай.
Армысың, тақым қысып отырған ел,
Үкілеп аламанға тай қосқандай.
Кірлеген көңілдерге нұр шашайын,
Жұлдызы жанып тұрған айлы аспандай.
Ару қалам – Алматым басқаменен
Қаларсың көңілімде айырбасталмай.
Ортаңа түскен сайын бір жасаймын,
Төренің төріне кеп жайғасқандай.
Тамыры тарихымның тереңдеді,
Жаса, жайна, ұлтымның өрендері.
Тәуелсіздік тағдырың мәңгі өшпесін,
Жұлдыздай жайнап тұрсын төбеңдегі.
Жыл құсындай қайта келген Наурызға
Арналсын ақындардың өлеңдері.
Армысың, астаналық Дәулеткерей,
Жырыңа арнау болсын ел еңбегі.
Ініңе сынай қарап төмендегі,
Қозыдайын күй кешпе көгендегі.
Ұшып түскен алтынның сынығындай,
Сөз сөйлесін жігіттің кемеңгері.
Десек те бұл Дәукеңді білгір әлі,
Ашылсын көкіректен жыр бұлағы.
Қасқырдай кішіреймес қарсыласқа,
Ағама жеңіс ауылы бұлдыр әлі.
Арыстандай ағамның ебін тапса,
Мықтының демде емес пе құлдырауы.
Ығын білген қайыңды сым қылады,
Шорт ұстаған шойынды сындырады.
Дәулеткерей:
Сөйлесең қызыл тілдің сертін біліп,
Көрермен көңіліне көл тұндырып.
Айтыс сүйген алаштың алқасында
Екеуіміз жайғастық қой еркін күліп.
Алтынның сынығындай жарқырасақ,
Жырыңа арқау болар серпінділік.
Әдемі әзіл айтсаң қой демеспін,
Тыңдайтын қыздар түгіл, кемпір күліп.
Біржан-ау, бүгін саған қой демеймін,
Жіберсең бұл түндікті желпіндіріп.
Айбарлы арыс қазақ, ірі алашпыз,
Айтыс сүйген қауымға құмар аспыз.
Ел-жерді перзенттікпен сүйгенменен,
Көр-жерді өлең қылып құрамаспыз.
Ал, Біржан, енді екеуміз екпіндесек,
Айтыстың биігінен құламаспыз.
Емірене айтпасақ елдің жайын,
Көркімізге көрімдік сұрамаспыз.
Тірліктен айтар болсам түйіндеп жыр,
Қазаққа өсек-аяң үйір боп жүр.
Елге басу айтатын ақсақалдар,
Білмеймін, әлде ненің миын жеп жүр.
Газет беті айқасып ашық майдан,
Шайтан қуған қаңбақтай құйын боп жүр.
Ұлтымның рухани серкелері
Бірін-бірі мүйіздеп, бүйірлеп жүр.
Мүйізі қарағайдай қасқаларым
Абырой біздерге көк тиын деп жүр.
Бір қазанда қайнамақ түгілі, олар
Бір өріске сыюы қиын боп жүр.
Заман... заман... запыран зарға бөккен,
Жаның аман-сау шықса жанған өрттен.
«Жеті жарғы» жетелі заң екең ғой
Әз Тәукенің қадірін заңғар еткен.
Теңдігіңді жауыңнан алып беріп,
Елдігіңді Абылай арман еткен.
Қайдасың, қазағымның Қазыбегі,
Татулықты тамырға талдап еккен?!
Ал, енді, бүгінгінің көсемдері,
Шаба алмай, шаршы топта шаңға бөккен.
Екі мықты айтысып екеуара,
Қызыл шеке қырқысып қанға бөккен.
Күн ашықта айтысып бір-бірімен.
Алладан ар дәметпей, мал дәметкен.
Телі менен тентегін тезге салған,
Қарттарымның қаһары қайда кеткен?!
Бергесін босағама Тәңір бақыт,
Құдайға құлдығымды қабылдатып.
Ал, Біржан, енді екеуіміз емен-жарқын,
Жұрт көңілін желпіндірсек жалындатып.
Ерге шыдап отырсаң, екпіндей бер,
Терге шылап сауырды сабындатып.
Жақсы айтсаң да, маңдайдан қасқайтсаң да,
Қайғының қара бұлтын қалыңдатып.
Дәл бүгін екеуміздей ер жігітке
Алтынды елдің алғысын алу – бақыт.
Ал, енді, домбыраңды ап, жамағатты
Қаздай қалқыт, үйректей мамырлатып.
Біржан:
Шынымен кеткен еді жаншып олар,
Ондай бүлік әлі де сан шығарар.
Әдемі айтыс жасап біз кетейік,
Көрерменді сүйсінтіп жан шығарар.
Көп сөйлеп ап көсемсу қайда барар,
Одан да айтыс жаса қан шығарар.
Ақындық парызыңды өтегелі,
Арқадай белден келдің бетегелі.
Екпінің үй жыққаннан бетер еді.
Сылап-сипап отырып шымшып қойсам,
Ағамыздың құлағының еті өледі.
Шыбықтай інілермен шекісем деп,
Шылқымас ағалардың шекелері.
Шыбықтың самал желмен шайқалғанын
Бұрын шыққан бұтағы көтереді.
Спортшылар бар бізде топ бастардай,
Соны ойлап көңілім көп тасқандай.
Кешегі Ақ Олимпиада жігеріңді
Құм қылып, басымыздан бақ қашқандай.
Немістің шаңғышысы орынынан
Қозғалады екен-ау от басқандай.
Ресей де реңін бермей өзгелерге,
Жеңіспенен рухы кетті аспандай.
Ал біздің спортшылар қала берді,
Шаңғымыздың табанын тот басқандай.
Санайтын спортшы жоқ саусақ бүгіп,
Жарамас сол мініңді қалсақ бүгіп.
Ағамның аулына жау шаптырып,
Қасқырдай қасқа тісті қандап кіріп.
Қазақтың командасы сияқты қып,
Жарты жолда кетейін шаң қаптырып.
Дәулеткерей:
Алмасам, нем бар еді, жырым бәйгі,
Екпінім ежелден-ақ бұрынғы әйгі.
Тері тұнып бапталған тұлпар едім,
Ағаңыз алыс жолға бұрылмайды.
Бұқпантайлап отырған сенен мен жоқ,
Арлан қасқыр апанға тығылмайды.
Жетісу – жер ұйыған өлке дастан,
Төбеңде көмкерілген көркем аспан.
Телегей теңіз, жұртым, пейіліңнің
Кемедей айдынында желкен ашқам.
Ал, Біржан, мен де өзіңдей ақын болып,
Аламанға түсудемін ерке алаштан.
Сайыссаң сайысайық, майыспайық,
Соның басын ашайық ерте бастан.
Жырларың жалындасын күнге маздай,
Аққу-өлең қанатын бізге жазғай.
Танаудан қан шығарам деп отырсың,
Қастандықтың шоғы да бізге маздай.
Сен тұмсықтан қан шығарып не қыласың,
Танауы қанап қазақ жүргені аздай.
Жағатын жарқыратып бағымды өрден,
Айналдым халық деген тәлімгерден.
Арқада айбаттанған Астанада
Қарқара хан ордамен сәнім келген.
???????? ??????-?????? ??????? ???
????????? ????? ?????? .
???????? ??????? ??????????,
???????? ???????? ???? ??????.
???????? ?????? ???? ???? ????,
???? ??? ?????????? ????? ??????.
???????? ?????????? ??? ????????
??????? ??????? ?????.
???????? ???-??????,
???????? ????? ???? ????? ??????.
Күлтегін күлдір-күлдір кісінеп тұр
Дүлдүлдей дүбір салған дәуірлерден.
Аманатын арқалап Астанамның,
Әңгімені айтармын әлім келген.
Қапталда Біржан ақын осал емес,
Едің ғой қансонарда мәлім мерген.
Тәңіріме тәубешілік мен айтармын
Өзіңдей табыстырған дарынды ермен.
Тоқмейілсіп қарайсың жан-жағыңа,
Жігіттей қырық жеті қалың берген.
Біржан:
Сен едің қадірлісі бір ағаның,
Айтыс десе байыз тауып тұра алмадың.
Сахнада қанды айтып, тұмсықты айтып,
Мұныңыз не, соншама жылағаның?!
Қанды айтып, соншама кеп шатастың ғой,
Мен ұрмаймын, жырыммен шығарамын.
Тірлікте сүлей сапа жүрміз кейде,
Қармақтай қалтқысыз тұрмыз бейне.
Үкіметті ауыстырған Нұрағамыз,
Ұлтқа ұйытқы болар ұлды іздей ме?
Патшаның уәзірі жақсы болса,
Қайықты қара жермен жүргізбей ме!
Жайса егер екеумізге күлкі құшақ,
Қалмағын жиырылып кірпі құсап.
Кезек берсе, зуылдап тоқтамайсың
Тазының алдындағы түлкі құсап.
Жүгірмектер ұстап ап, құйрығына
Шелек байлап жіберген жылқы құсап.
Дәулеткерей:
Тәңір берген өнерге тәу етерсің,
Қарызың қалың жұртқа әлі өтелсін.
Ағаңды түлкі қылған, жылқы қылған
Сен өзің кіп-кішкентай пәле екенсің.
Ал, бала, ана жақта сөйлесейік,
Не нәрсе тағы менен дәметерсің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу