Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  114


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Депутат болғаннан кейін

Отырды. Тұрды. Жүрді.
Білмейді ешкім сырды.
Сөйтсе де телеэкранның
Кеңейтілген бетінде тұрды.
Депутаттық іс болды,
Өзіне өзі күш болды,
Қуыршақша қолдағы
Түсініксіз түс болды.
Бір мәселе көтермеді,
Аманат деген өтелмеді.
Көппен бірге көрейін
Уақыттың өзі өтер деді.
Қыр барды, ой барды,
Келесі сайлауды ойланды.
Мерей жас, мүшел жас
Креметтей тойланды.
 Біреулерді ағалады,
Арқа тірерді жағалады.
Туған жерге бір соғуға
Уақытын табамады.


Азамат сияқты ізгі,
Сөзінде көбейтті “Сізді”
Депутаттықғы бойына құт
Өткізді екі жаз, күзді.
Мәселемен миын ашытпады
Ел тағдырына асықпады,
Депутатымыз сөйтіп
Қара халықтан қашықтады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу