Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  138


Автор: Ақберен Елгезек

СЕН ЖӘНЕ МЕН...

Сен және мен...
Көкшіл көрпе...
Демге – дем...
(терезеден Ай жылтырап теңгедей...)
Екі жүрек – пырақтар ма,
ұша алмай,
бұғауланған кермеде?..
(жылт-жылт етіп қояр емес тиын-Ай)
Сен және мен...
Қимылдаудың қиыны-ай!..
«Тіл – жоқ?.. қол – жоқ?..
Тән де, сірә, жоқ шығар,
қайран ғана миым-ай?..»
Сен және мен!..
Көкшіл көрпе – көлденең...
Көрпе астында екі Жан бар, шөлдеген...
Бір нұр-сағым таралады ғарышқа
біздер жатқан бөлмеден...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу