Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  112


Автор: Абдрахман Асылбек

Сусамыр

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Жаздыгүні жайлауда жүрдің бе сен?
Төкпе жорға теңселтіп міндің бе сен?
Көкпар тартып, қыз қуып, қымыз ішіп,
Жан құрбыңмен жайрандап күлдің бе сен?

Қайырмасы:
Сусамырдың жайлауы –
Жаз өмірдің жайнауы.
Жылқылары үйірлі,
Қойға толы қойнауы.
Әнші бәрі –
Малшылары
Жайдары.

Сусамырдың жайлауы алтын бесіқ,
Төңіректе тұрады тау тілдесіп.
Жұпар исі аңқыған саумал самал,
Дертке дауа ауасы, салқын кеші.

Қайырмасы.

Сусамырдың жайлауы таңғажайып,
Сұлулығын тартады алға жайып..
Алтыбақан тербеліп ай астында,
Желпінтеді жанынды ән ғажайып.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу