Баталар ✍️

  18.02.2022
  726


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс күнге бата

Алғыс күні халайық,
Рахметтер ағылсын!
Ренжіскендер тілдесіп,
Қуана қол алыссын!
Қиындықтар болмай еш,
Уақыт өтіп болмай кеш.
Араз жандар табыссын!
Ашық болып аспаның,
Қасыңда боп достарың.
Бар жақсылық орнасын!
Денсаулығың мықты боп,
Көңіл күйің күшті боп,
Жаратқаным қолдасын!
Балбұл жайнап көздерің,
Нақты болып сөздерің.
Қыдыр болсын жолдасың!
Арайлы атып таңдарың,
Аман болып мал жаның.
Ізгілік гүл солмасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу