18.02.2022
  173


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әубәкір туралы әңгіме

Максим Горький: «Әдебиеттің ең бірінші элементі – тіл» деген екен.
Қазіргі көптеген ақын-жазушыларымызды осы тіл байлығы жетіспей
жататыны да құпия емес. Қазақ топырағында туып, елдің асыл мұрасынан
нәр алған, көне көз қариялардың шежіресін тыңдап, сөз бұлағынан сусындап
өскен, өмірден ерте кеткен Кеңшілік Мырзабековтың сөз қолданыстары
таңдай қақтырады десек, артық айтқандық болмас еді.
Әуелден жалғыз, әкеден жалғыз әулеті,
Әубәкір әуей, ақкөңіл жігіт, әулекі.
Албарда қой көп, ауласы той боп жататын,
Он саусағы – өнер, қолының кірі – дәулеті...
Кереге көктеп, уық пен шаңырақ қашайтын,
Бояуы қандай, өрнегі қандай нәші айқын.
Торғайдың талын тоқсанға бұрап, тың иіп,
Түбіттей иіріп, ағаштан түйін жасайтын.
Осындай түйдек-түйдек төгілген ырғақты жолдардан басталған «Әубәкір
туралы элегия» әп дегеннен оқырман жанын баурап алады.Автор суреттеп
отырған оқиғасына орай теңеулерді де сәтті таба қояды. Әубәкір ән салса,
«қара туырлық құйын ұрғандай қозғалып, қанат біткендей ұшып кетуге аз
қалады», оның әнін қаумалаған ел «ұйыған сүттей» тыңдайды. Мұндай
мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. Кеңшіліктің осы өлең жолдарын
«Әубәкір туралы әңгіме» деген ат қойып, әңгіме түрінде қайта жазып көрсек
қайтеді деген ой туды.
«Біздің ауылда тұратын әуелден жалғыз, әкеден жалғыз әулеті Әубәкір
әуей, ақкөңіл, әулекі жігіт еді. Албарда қой көп, ауласы той болып жататын,
он саусағы – өнер, қолының кірі – дәулеті болатын... Кереге көктеп, уық пен
шаңырақ қашайтын, Бояуы қандай, нәші айқын өрнегі қандай? Торғайдың
талын тоқсанға бұрап, тың иіп,түбіттей иіріп, ағаштан түйін жасайтын.
Әубәкір ән салса қара туырлық құйын ұрғандай қозғалып, қанат біткендей
ұшып кетуге аз қалады. Оның әнін қаумалаған ел «ұйыған сүттей»
тыңдайды.»
Міне, байқап отырған шығарсыздар, өлеңде айтылған кейбір сөздердің
орны ауысқаны болмаса, сол сөздер түгел пайдаланылып, қара сөзбен
жазылды. Оқырманға әсері поэзия тіліндей өте әсерлі болмаса да, солғын
емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу