14.02.2022
  112


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ƏЖЕСІ МЕН АЙГЕРІМ

– Шаштарыңды жуып,
жақсы тарадың,
Киіміңе кір түсірмей қарадың.
Оқуда озат,
өз құрбыңның алды бол,
Бүгін сенің Туған күнің.
Қарағым, –
Деді əжесі.
Күнқағарын байлап ап,
Қуаныштан тал бойына қайрат ап.
 Жайды дағы дастарқанын жаңалап,
Ықыласпен құйды шайын қаймақтап.
Немересі жан əжесін түсінді,
(Міне, осылай болсын үлкен, кіші іні)
Сол əженің Туған күні
немере
Беске толы күнделігін ұсынды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу