![]() |
|
![]() |
Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
14.02.2022
38

Жау-жау, қарым
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Жердің жүзін жаңартшы,
Демейінші жаурадым.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Құмшекер боп саулағын.
Ақ көрпеңмен қымташы
Туған жердің тауларын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Сәні кірсін ауланың.
Ақ шәліңмен орашы
Туған жердің бау-бағын.
Жау-жау, қарым,
Жау, қарым,
Жақсы болар жауғаның.
Белгілі ғой
Көктемде
Береке боп қауларың.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |