Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  100


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

БЕЖЕҢНІҢ КҮЙІ

Керейдің атақты композитор-күйшісі Бейсенбіге
Жинаған күй сазына бар мақалды,
Ешкімнің тыңдамасқа бар ма халі?
Досымнан іздегенім
домбырадан
Табылды.
Мені өзіне баурап алды.
Иə, солай!
Мені өзіне баурап алды,
Естілді шатырлап бұлт аунағаны.
Шарасыз ел күйзелген шақ туғаны,
Шашылып ойда малы,
Тауда қаны...
Дал-дал ғып жыртқан кезі жау жағаны,
Есіліп үскірік боп тау самалы.
Қай тарих том-том болып жазылса да,
Қазақтың қасіретін тауыса алады?
Жалдаптың жақын болып алдағаны,
Кесірі кеселдердің ауладағы.
Езілтіп ет жүректі
тыңдағаннан,
Еріксіз мені өзіне баурап алды.
Жаныңа лапылдаған оты қандай,
Сан тұрдым байыз тауып отыра алмай.
Бұл күйден бүкіл қазақ өмірінен,
Болдым мен тарих дастан оқығандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу