Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  112


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТІКҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАҒАНДА

(М. Құл-Мұхаммедке)
Төсіңді кеулеп дауылың,
Жанарың толып ұшқынға.
Сұңқар боп жүрген бауырым,
Сұқсырды көріп ұштың ба?
Тікұшақ жасап балаңдық,
Қанаты оның талды ма.
Қасиетіңді ұлы Адамдық,
Көтере алмай қалды ма?
Ойлардаан қатты уландым,
(Кетердей мүлдем құрдымға).
Шырқырап жүрген қу жаным,
Шырылдап тұрды мұрнымда.
2008 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу