Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  84


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АУБАЙ БАЙҒАЗЫҰЛЫНА

Бақтардың қонған кезде нұр гүліне от,
Ақын боп алып-ұшып жыр қылып ек.
Арудың алма бетін əңгіме ғып,
Алматы көшесінде бір жүріп ек.
Аспанды кернегендей көп мұңымыз,
Жүретін демімізде оттығымыз.
Қызықты қызыл түлкі бұлаң қағып,
Қысылдырып ететұғын жоқтығымыз.
Біріміз-бірімізге сын тақпадық,
Өстік біз еккен талдай сұңғақтанып.
Аз ғана шəкіртақы алған күні,
Аспанның ақша бұлтын шынтақтадық.
 Ойымнан арылмастай ағылды бұлт,
Өзіңің құрсауыңа бағындырып.
Барлығы кешегінің бүгінгідей,
Шіркін-ау, барады ғой сағындырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу