Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  154


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СЫҚПА ҚҰРТ

Жетемін деп бір күннен соң, бір күнге,
Жүрісімді жеделдетіп жүрдім де.
Күн жылыда алыстадым ауылымнан,
Күн суықта пенде болып бұл күнге.
Арманыма дедім дағы жетемін,
Аһ ұрғызды азаптаған жеке мұң.
Қорғадым мен өрешені қарғадан,
Тегін тұрған сықпа құртты жемедім.
Таба алмайсың барсаң дағы бас қала,
Таба алмайсың қалтаңдағы ақшаға.
Алтын бар да, базарда жоқ
Сықпа құрт.
Бұл не деген, бұл не деген масқара!
 Ол күндерде көңілімде бала тым,
Самалындай аңқылдаған даланың.
Сағындым ғой сықпа құртты,
амал не?
Саусағының табы қалған анамның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу