Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  136


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖАМБЫЛ ЖАЗЫ

Қараңдаршы,
Қазақтың даласына,
Көңілімнің ұқсайды сарасына.
Айналыпты асқар тау, алып өзен,
Ағы менен көзінің қарасына.
Аспанымда жерім жоқ күн күлмеген,
Көңіл емес, көзімді тұндырды өлең.
Жан жүректі езілтіп заман сазы,
Жамбыл күйі толассыз күмбірлеген.
Жанарында жұлдыздың жанып дастан,
Жақұт болып төгілді жалықпастан.
Жамбыл əнін қазақтың əншісі емес,
Жасыл баққа бұлбұлдар алып қашқан.
Айналып ақша қоңыр бұлты менен
Ақ жаңбыр аспанынан сіркіреген.
Ұқсайды табиғаттың осы шағы,
Жамбылды толғандырған шіркін, өлең!
Сел болды қосылған су сан жылғадан,
Жақпардан мақпарға ұшты жаңғырған əн.
 Шөп те көп, жеміс те мол
Секілденді,
Мына жаз шабыттанған Жамбыл бабам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу