Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  203


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕСКЕ АЛУ

Нарынқолда (қазіргі Райымбек ауданы) қарақшылардың қолынан мерт болған милиция капитаны Қанаттың анасы Раяның өтініші бойынша



Бала десе, шуағы бар күн құштым,
Əуездері бұлбұлдайын үн құштым.
Ол мен үшін табылмайтын асылым,
Өмірдегі тұла бойы тұңғышым.
Айналайын, айналайын жарығым,
Алып кеттің бүтін істің жарымын.
Бұл күндері мына тұрған əлемнің,
Атаң үшін, анаң үшін бəрі мұң.
Қанат десе, қанатым ең қарағым,
Серкесі едің ішіндегі баламның.
Сен кеткелі қанша уақыт өтсе де,
Іздеп жүрмін, сені қайдан табамын.
Бұл өмірде таудай еді талабың,
Ішіндегі Шолпаны едің баламның.
Қайырылдым ғой оң топшыдан құдай-ау,
Қалай ғана қанатсыз боп қаламын.
Жазықсыздан өліп кеттің қарағым,
Сені өлтірген сұмды ешкім жоқ табатын.
Өртендіріп бара жатыр жанымды,
Өрісім де тарылды ғой баратын.
Жерім де жоқ сені іздеп табатын,
Балам менің – бауыр етім – Қанатым.
Қарақшылар өлтірсін деп тегінде
Еш ата-ана өсірмейді баласын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу