Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  135


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЖЕЛТОРАҢҒЫ

Қалдырған жақсы əсер елге орамды,
Соқса да қанша рет жел-бораны.
Ысты мен Жалайырдың күйін тартып,
Тұрғандай көрінеді Желтораңғы.
Тыңдашы, гуілдейді, гуілдейді,
Ішінде сəби үні уілдейді.
Бұл аймақ не ойласа соны айтады,
Бармағы ішке қарай бүгілмейді.
Қазақта мақал сөз бар «сыйға сый ем»,
Жасаған жүз ғасырмен, мың ғасырмен.
Бұл өңір бүкіл жұртқа қасиетті
Кешегі кемеңгерім – Димашыммен.
Мұнда бар мыңдаған жан, көптеген ел,
Мұнда бар пайда тапқан ептегенмен.
Тораңғы гүлдерінде бірге гүлдеп,
Жырлары Балтагүлдің көктеген жер.
Əз елім қанатыңды толыс,
жайып,
Өркендеп өссін алда қоныс байып.
Сенің сол құшағыңда өскен тағы,
Қазақтың жазушысы Тоғысбаев.
Жазды ол қурайыңды қола қылып,
Алдында жатпаса да жол ағылып.
Гүліңді домбырада күй қып шерткен,
Бекеңе дəн риза болады жұрт.
 Осындай ұлдарыңның арқасында,
Тəңірдей тауап қылам əр тасыңа.
Іленің албырт атқан бір толқыны ем,
Ынтыққан Көкшетеңіз – Балқашыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу