Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  74


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

САЗҒА БӨЛЕП ТАРТҚАНДА...

Жамағат Темірғалиевке
Бауырында құйын бар үйіріп келген,
Жаралғандай тұрасың жүйріктен сен.
Сазға бөлеп тартқанда домбыраны,
Саусақтарың салалы сүйріктенген.
Кетбұғылар, Байжігіт, Асанқайғы...
Сен шерткенде қозғайды қасаң қайғы.
Құрманғазы, Түркеш пен Махамбетті,
Естігенде ойдан жан масаңдайды.
Жігіт десе, жігітсің өрімделген,
Пейілің бар адамға төріңнен кең.
Кімде болса таниды анадайдан,
Кісілігің кісіге көрінгеннен.
Жаның сенің өнерден жаратылған,
Əлпетің де əсемдік таң атырған.
Көңіліңде тамылжып əн тұрады,
Көктемдегі жыл құсы қанатынан.
Жаның сенің өнерден жаратылған,
Тұрғандайсың жаңа күй, таратып əн.
Бекер саған қормал боп жан тартпаған,
Нұрғисадай ұлы адам, дара туған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу