Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  77


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЕМІЛДЕН ЕСКЕН ЛЕП ЖЕЛІЛЕС - ОН ТӨРТІНШІ ЖЫР

Еміл əні
(Бұл өлеңнің əнін К. Шалқардың өзі жазған)
Шағалаң боп шабағыңды
Шарлаған бір бала күнгі, шіркін-ай!
Еске түсіп сол күндерім,
Арнап жүрмін сөз гүлдерін.
Қайырмасы:
Емілім-ау, Емілім-ау,
Сені көріп егілдім-ау!
Арнаңменен жүруші едім,
Айырды ғой өмір мынау.
Еске түсіп ағаларым,қойнауыңды жағаладым.
Дариға-ай!
Ақ толқының əн салғандай,
Анам менің қарсы алғандай.
Қайырмасы:
Толқының боп, Емілім-ау,
Толықсиды көңіл мынау.
Арқалаған өмір жүгін
Аққу болды көгілдірің,
 Дариға-ай!
Асулардан асып келген,
Арнасында тасып күлген.
Қайырмасы:
Саған арнап менің мынау,
Салған əнім, Емілім-ау!
Жасыл мақпал қойнауында,
Болғам талай қойлы ауылда,
Шіркін-ай!
Толқының боп, Емілім-ау,
Толықсиды көңіл мынау.
Қайырмасы:
Емілім-ау, Емілім-ау,
Көріп сені егілдім-ау.
Арнаңменен жүруші едім,
Айырды ғой өмір мынау.
* * *
Мен сені таба алмадым,
Самалдан түнгі ескен.
Мен сені таба алмадым,
Сенбі күнгі кештен.
Мен сені таба алмадым,
Іздедім жолдасым əн.
Мен сені таба алмадым,
Думанның ортасынан.
Білмеймін не боп кеткен,
Көңілім сен дегенде.
Тұратын бөлеп көктем,
Таппадым бөлмеңнен де.
Мен сені таба алмадым,
Алматы бақтарынан.
Мен сені таба алмадым,
Достардың хаттарынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу