Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  118


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ШЫҢҒЫСТАУ АЛҚАБЫНДА

Мұхтар жайлы жиналыстан шықтым да,
Ғажаптандым ғасыр толған мықтыға.
Ғалым,
Ұстаз,
Һəм жазушы Əуезов,
Осыларды мұрат қылып тұтты ма?
Асулардан биік ұшып самғаған,
Кездессе де кедергіге сандаған.
Бір басына бар ұлылық жиналған,
Бұл адамға,
ұлы адамға таңданам!
Айтты оны Төреқұлдың Шыңғысы,
(Əр сөзінен нəр алатын мың кісі).
Баян етті академик кəдімгі,
Кабдоловтай сұлу сөздің құндызы.
Бұл жиында небір жайсаң,
қасқа да
Кең төрінде сөз сөйледі Астана.
Бір Əуезов мың адамға əңгіме,
Бітпейтұғын кəрі менен жасқа да.
Осы жайды мен де ойландым, ойладым,
Уақытымды ойсыз əсте қоймадым.
Үйге келіп мызғып кетіп түс көрдім,
Сол еді əлгі жастыққа бас қойғаным.
* * *
...Жер аспандай көкпеңбек боп түрленген,
Көктем еді көзді арбап гүл өнген.
Арқа жері,
Шыңғыстаудың алқабы,
Аспан асты сұлулыққа бөленген.
Ералының жазығы мен Бөрілі,
Жидебайлы толған адам көрінді.
 Желпіп ескен самалынан Арқаның,
Толқып тартқан домбыра үні өрілді.
Күмбір-күмбір,
күңгір-күңгір атырап,
Көңіліңді кетті тербеп сатылап.
Аспан астын,
жердің үстін əлдилеп,
Бар əлемді бір өзіне шақырат.
Топ басында ұлы күйші Байжігіт,
Маңайына көз тастайды жай жүріп.
Құрманғазы, Дəулеткерей, Махамбет...
Домбыра алған,
жетегінде сайгүлік.
Шыңғыстаудың бауырындағы Жасаңда,
Орын тепкен Қорқыт пенен Асанға.
Сəлем берді домбыраның пірлері,
«Парызымыз үлкен сыйлау қашанда».
Осы топқа Мұхит келді Біржанмен,
Тойлық жасап, тоймайтұғын сырлы əнмен.
Əннің ұлы əуезіне тас балқып,
Тербетілді миллион жыл тұрған дөң.
Байжігіттің «Сарын» күйі тартылды,
Күңіреніп көкке қайта шалқыды.
Дəугерлігін жұртқа тағы танытты,
«Шыңырау» мен «Көкейкесті» арқылы.
«Сарыжайлау» мен «Сарыарқа да» жосылды,
Бұған келіп Қазтуғандар қосылды.
Екі ішекті домбыраға таңданып,
Моцарттар мен Глинкалар тосылды.
«Жаралмадым неге осының бірі боп,
Айтылмадым неге қазақ жыры боп» -
Деген кезде
Моцартқа кеп Арагон:
– Жатыр мұның даласында құдірет!
 Қарашы анау,
көз ұшында шексіздік,
Қалай ғана жаратылған шексіз ғып.
Толқын таулар аспанменен таласқан,
Бауыры жаз,
басы оның көк мұздық.
Анау, Бел де,
Бұлағы да, Қайың да,
Қарағайы қаптап өскен сайында.
Опера ғой.
Тіпті əр түп жусаны,
Əн салады осы халық жайын да.
Ару болып би билеген жас талы,
Абыз болып аңыз айтар асқары.
Топырағы тұлпар болып кісінеп,
Тарих жайлы сыр шертеді тастары.
Осы кезде
Татьяна əн салды,
Əуеніне шетелдіктер тамсанды.
Ресейден келгендерді бастаған,
Пушкин оны сергек тыңдап жан салды.
Лев Толстой ойлы жүзбен қарайды,
Күндегіден айналасы арайлы.
Біздің Мұқаң Гете менен Пушкинді,
Ертіп келіп таныстырды Абайды.
Абай айтып неше түрін мақалдың,
Байсалданды артқанына қатардың.
Қуанышты жүзіне нұр жүгіріп,
Қолын алды Толстойдың Шəкəрім.
Ұлы тойдың ұлылығын сезінген,
Қонақтардың күлкі ұшады көзінен.
Омарғазы аудармашы қасында,
Либəй менен Дуфу келді Бежиннен.
Толқытты бір қытайша айтқан əн сазы,
Тойға келген халық оған тамсанды.
 Шығысымның жеті жарық жұлдызын,
Абай барып құшақ жайып қарсы алды...
Токиядан,
Бухарестен,
Кабулдан,
Америка жақтан дағы ағылған.
Тұрғыт Озал тобыменен бірлікте,
Мұстафа да келді елін сағынған.
Ахмет пен Мағжан жəне Міржақып,
Ұлы тойдың қызығына тұр батып.
(Шекспирмен таныстырып Абайды,
Мұқаң ойлы аяқтарын жүр басып).
Сəкең, Сəбит, Ғабиттер тұр топтанып,
Маңайында Уəлиханов шоқталып.
Мұқағали, Төлегендер бір жақта,
Жыр оқыды жанарында шоқ жанып.
Қасым, Ғали, Қалижандар толғанды,
Осылайша мүшəйраға жол салды.
«Мен қазақпынды» оқығанда Жұбекең,
Арафаттың ілтипаты-ай сондағы.
Екіленді кейін шыққан дүйім жас,
Мұндай кезде қалай өлең құйылмас.
Сұлтанмахмұт біраз сілтеп алған соң,
Одан əрі жалғастырды Ілияс.
Сағи, Қадыр, Тоқтархандар толғады,
Менде оқыдым өлеңімді қолдағы.
Əбділда мен Тұманбайлар толғанды,
Тартты жұртты жырларының жолдары.
Мариям да, Шолпандар да шалқыды,
Ақын біткен қанаттанып шарқ ұрды.
Ұлы өнердің өмір жолын түсінді,
Жиналған жұрт қазақ жыры арқылы.
Ой мен шолып əрбір дəуір өткелін,
Ақындардың күткен Шыңға жеткенін.
 Ұқты Абай мерейі өсіп ғажайып,
Қара өлеңнің көзі көріп көктемін.
Бұқар жырау тəмсілдеп бір бастады,
Қабат-қабат сөздерінің астары.
Қабан жырау, Мұрын жырау тағылар,
Қосылды кеп осылайша бастары.
Термешілер сайыстары басталды,
Желіктіріп, еліктіріп жастарды.
Иса ағамыз желдірмемен желдіріп,
Жыр жаңбырын нөсерлетіп тастады.
Жыраулар ма,
Жыршылар ма, пері ме,
Айтып жатыр əнші, сазгер, сері де.
Осынау бір думанына өнердің,
Қосылды кеп Сырдың сүлейлері де ...
Біржан тұрды аққу əні қалықтап,
Топ арудан Лəйлім қызды анықтап.
Сегіз сері сейіл құрып келеді,
Көмейінен «Гауһартасы» шарықтап.
Енді бірде ақындардың айтысы,
Қыза түсті.
Бір-біріне сай түсті.
Біржан, Сара, Əсет пенен Ырысжан ....
Асар екен қайсысынан қайсысы.
Қатаған мен Сүйінбайлар, Кемпірбай...
Жамбыл менен Құлмамбеттер, Кеншімбай...
Өтті айтыстар тартыспенен шетінен,
Қызықты оған күндіз-түні ел тынбай.
Дегелеңде жалмап жатқан жандарды,
Атқан атом бомбасының шаңдары...
Арқау болды айтыс ақындарына,
Бұл өнерге шетелдіктер таңданды.
Таңданды олар айтыс деген өнерге,
Тасқын судай, таусылмастай өлеңге.
 Таңданды олар Қазақ деген халықтың,
Талантының жатқандығын тереңде.
III
Шұбартаудың жазығында соқпағы,
Шоғырланып бəйге аттар топталды.
Шеткерірек Құлагер мен Ақан тұр,
Жұрттың бəрі соған қарай оқталды...
Бір жағында теңге ату басталды,
Ілу үшін жерге жамбы тасталды.
Қызды думан.
Балуандардың сайысын,
Қажымұқан мен Балуан Шолақ басқарды.
Бауырында əсем Арқат тауының,
Көре аламыз Алтыбақан қауымын.
Баян, Жібек, Еңлік пенен Мамырлар,
Сайрандаған салтанатты сауығын.
Ештеңенің көрмегендей тарлығын,
Ешқайсысы айтпайды əнді зарлы-мұң.
Шетелдердің теледидар тілшісі,
Камераға түсіріп жүр барлығын.
Айналаны қызықтаумен бағып бір,
Арасында Димаш күлкі жағып тұр..
Қарауылдың үстінде Абай Мұхтарға,
Шапан жауып, арқасынан қағып тұр.
Көңіліндей болып Мұқаң баланың,
Күліп қана байыздады алабын.
Жанарында ойы тұнып жаһанның,
Кеңістігі маңдайында даланың...
Елбасы да əсерленген көңілмен,
Таныстырды Егеменді өмірмен.
Абай əнін Күлəш айтқан сəттерде,
Қосылды кеп қуанышпен өңірге өң.
 Уланған су тазаланып көз ашты,
Кетті аймақтан радиация дозасы.
Орманына бұлбұл қайта оралды,
Гүлге оранды бұрын жатқан Бозащы.
Жалаңаш тау қарағайға бөленді,
Абыралыда ел көркейіп, ел өңді.
Ауру деген атыменен жоғалып,
Атырабы курорт болып келеді.
Топырағы құнарланды қайтадан,
Құс көбейіп бұрынғыдай айтады əн.
Дегелең мен Саржалдарда
ешқандай,
Дерттің болмайтыны байқалған.
Дей алмаймын той қызығына тоя алдым,
Тал бойыма бір адамдай ой алдым.
Үй ішінің дыбырынан еріксіз
Түс бұзылды.
Тəтті ойымнан ояндым..
Қалқаман, 7-ші емхана.
Тамыз, 1997 жылШЫҢҒЫСТАУ АЛҚАБЫНДА
Мұхтар жайлы жиналыстан шықтым да,
Ғажаптандым ғасыр толған мықтыға.
Ғалым,
Ұстаз,
Һəм жазушы Əуезов,
Осыларды мұрат қылып тұтты ма?
Асулардан биік ұшып самғаған,
Кездессе де кедергіге сандаған.
Бір басына бар ұлылық жиналған,
Бұл адамға,
ұлы адамға таңданам!
Айтты оны Төреқұлдың Шыңғысы,
(Əр сөзінен нəр алатын мың кісі).
Баян етті академик кəдімгі,
Кабдоловтай сұлу сөздің құндызы.
Бұл жиында небір жайсаң,
қасқа да
Кең төрінде сөз сөйледі Астана.
Бір Əуезов мың адамға əңгіме,
Бітпейтұғын кəрі менен жасқа да.
Осы жайды мен де ойландым, ойладым,
Уақытымды ойсыз əсте қоймадым.
Үйге келіп мызғып кетіп түс көрдім,
Сол еді əлгі жастыққа бас қойғаным.
* * *
...Жер аспандай көкпеңбек боп түрленген,
Көктем еді көзді арбап гүл өнген.
Арқа жері,
Шыңғыстаудың алқабы,
Аспан асты сұлулыққа бөленген.
Ералының жазығы мен Бөрілі,
Жидебайлы толған адам көрінді.
 Желпіп ескен самалынан Арқаның,
Толқып тартқан домбыра үні өрілді.
Күмбір-күмбір,
күңгір-күңгір атырап,
Көңіліңді кетті тербеп сатылап.
Аспан астын,
жердің үстін əлдилеп,
Бар əлемді бір өзіне шақырат.
Топ басында ұлы күйші Байжігіт,
Маңайына көз тастайды жай жүріп.
Құрманғазы, Дəулеткерей, Махамбет...
Домбыра алған,
жетегінде сайгүлік.
Шыңғыстаудың бауырындағы Жасаңда,
Орын тепкен Қорқыт пенен Асанға.
Сəлем берді домбыраның пірлері,
«Парызымыз үлкен сыйлау қашанда».
Осы топқа Мұхит келді Біржанмен,
Тойлық жасап, тоймайтұғын сырлы əнмен.
Əннің ұлы əуезіне тас балқып,
Тербетілді миллион жыл тұрған дөң.
Байжігіттің «Сарын» күйі тартылды,
Күңіреніп көкке қайта шалқыды.
Дəугерлігін жұртқа тағы танытты,
«Шыңырау» мен «Көкейкесті» арқылы.
«Сарыжайлау» мен «Сарыарқа да» жосылды,
Бұған келіп Қазтуғандар қосылды.
Екі ішекті домбыраға таңданып,
Моцарттар мен Глинкалар тосылды.
«Жаралмадым неге осының бірі боп,
Айтылмадым неге қазақ жыры боп» -
Деген кезде
Моцартқа кеп Арагон:
– Жатыр мұның даласында құдірет!
 Қарашы анау,
көз ұшында шексіздік,
Қалай ғана жаратылған шексіз ғып.
Толқын таулар аспанменен таласқан,
Бауыры жаз,
басы оның көк мұздық.
Анау, Бел де,
Бұлағы да, Қайың да,
Қарағайы қаптап өскен сайында.
Опера ғой.
Тіпті əр түп жусаны,
Əн салады осы халық жайын да.
Ару болып би билеген жас талы,
Абыз болып аңыз айтар асқары.
Топырағы тұлпар болып кісінеп,
Тарих жайлы сыр шертеді тастары.
Осы кезде
Татьяна əн салды,
Əуеніне шетелдіктер тамсанды.
Ресейден келгендерді бастаған,
Пушкин оны сергек тыңдап жан салды.
Лев Толстой ойлы жүзбен қарайды,
Күндегіден айналасы арайлы.
Біздің Мұқаң Гете менен Пушкинді,
Ертіп келіп таныстырды Абайды.
Абай айтып неше түрін мақалдың,
Байсалданды артқанына қатардың.
Қуанышты жүзіне нұр жүгіріп,
Қолын алды Толстойдың Шəкəрім.
Ұлы тойдың ұлылығын сезінген,
Қонақтардың күлкі ұшады көзінен.
Омарғазы аудармашы қасында,
Либəй менен Дуфу келді Бежиннен.
Толқытты бір қытайша айтқан əн сазы,
Тойға келген халық оған тамсанды.
 Шығысымның жеті жарық жұлдызын,
Абай барып құшақ жайып қарсы алды...
Токиядан,
Бухарестен,
Кабулдан,
Америка жақтан дағы ағылған.
Тұрғыт Озал тобыменен бірлікте,
Мұстафа да келді елін сағынған.
Ахмет пен Мағжан жəне Міржақып,
Ұлы тойдың қызығына тұр батып.
(Шекспирмен таныстырып Абайды,
Мұқаң ойлы аяқтарын жүр басып).
Сəкең, Сəбит, Ғабиттер тұр топтанып,
Маңайында Уəлиханов шоқталып.
Мұқағали, Төлегендер бір жақта,
Жыр оқыды жанарында шоқ жанып.
Қасым, Ғали, Қалижандар толғанды,
Осылайша мүшəйраға жол салды.
«Мен қазақпынды» оқығанда Жұбекең,
Арафаттың ілтипаты-ай сондағы.
Екіленді кейін шыққан дүйім жас,
Мұндай кезде қалай өлең құйылмас.
Сұлтанмахмұт біраз сілтеп алған соң,
Одан əрі жалғастырды Ілияс.
Сағи, Қадыр, Тоқтархандар толғады,
Менде оқыдым өлеңімді қолдағы.
Əбділда мен Тұманбайлар толғанды,
Тартты жұртты жырларының жолдары.
Мариям да, Шолпандар да шалқыды,
Ақын біткен қанаттанып шарқ ұрды.
Ұлы өнердің өмір жолын түсінді,
Жиналған жұрт қазақ жыры арқылы.
Ой мен шолып əрбір дəуір өткелін,
Ақындардың күткен Шыңға жеткенін.
 Ұқты Абай мерейі өсіп ғажайып,
Қара өлеңнің көзі көріп көктемін.
Бұқар жырау тəмсілдеп бір бастады,
Қабат-қабат сөздерінің астары.
Қабан жырау, Мұрын жырау тағылар,
Қосылды кеп осылайша бастары.
Термешілер сайыстары басталды,
Желіктіріп, еліктіріп жастарды.
Иса ағамыз желдірмемен желдіріп,
Жыр жаңбырын нөсерлетіп тастады.
Жыраулар ма,
Жыршылар ма, пері ме,
Айтып жатыр əнші, сазгер, сері де.
Осынау бір думанына өнердің,
Қосылды кеп Сырдың сүлейлері де ...
Біржан тұрды аққу əні қалықтап,
Топ арудан Лəйлім қызды анықтап.
Сегіз сері сейіл құрып келеді,
Көмейінен «Гауһартасы» шарықтап.
Енді бірде ақындардың айтысы,
Қыза түсті.
Бір-біріне сай түсті.
Біржан, Сара, Əсет пенен Ырысжан ....
Асар екен қайсысынан қайсысы.
Қатаған мен Сүйінбайлар, Кемпірбай...
Жамбыл менен Құлмамбеттер, Кеншімбай...
Өтті айтыстар тартыспенен шетінен,
Қызықты оған күндіз-түні ел тынбай.
Дегелеңде жалмап жатқан жандарды,
Атқан атом бомбасының шаңдары...
Арқау болды айтыс ақындарына,
Бұл өнерге шетелдіктер таңданды.
Таңданды олар айтыс деген өнерге,
Тасқын судай, таусылмастай өлеңге.
 Таңданды олар Қазақ деген халықтың,
Талантының жатқандығын тереңде.
III
Шұбартаудың жазығында соқпағы,
Шоғырланып бəйге аттар топталды.
Шеткерірек Құлагер мен Ақан тұр,
Жұрттың бəрі соған қарай оқталды...
Бір жағында теңге ату басталды,
Ілу үшін жерге жамбы тасталды.
Қызды думан.
Балуандардың сайысын,
Қажымұқан мен Балуан Шолақ басқарды.
Бауырында əсем Арқат тауының,
Көре аламыз Алтыбақан қауымын.
Баян, Жібек, Еңлік пенен Мамырлар,
Сайрандаған салтанатты сауығын.
Ештеңенің көрмегендей тарлығын,
Ешқайсысы айтпайды əнді зарлы-мұң.
Шетелдердің теледидар тілшісі,
Камераға түсіріп жүр барлығын.
Айналаны қызықтаумен бағып бір,
Арасында Димаш күлкі жағып тұр..
Қарауылдың үстінде Абай Мұхтарға,
Шапан жауып, арқасынан қағып тұр.
Көңіліндей болып Мұқаң баланың,
Күліп қана байыздады алабын.
Жанарында ойы тұнып жаһанның,
Кеңістігі маңдайында даланың...
Елбасы да əсерленген көңілмен,
Таныстырды Егеменді өмірмен.
Абай əнін Күлəш айтқан сəттерде,
Қосылды кеп қуанышпен өңірге өң.
 Уланған су тазаланып көз ашты,
Кетті аймақтан радиация дозасы.
Орманына бұлбұл қайта оралды,
Гүлге оранды бұрын жатқан Бозащы.
Жалаңаш тау қарағайға бөленді,
Абыралыда ел көркейіп, ел өңді.
Ауру деген атыменен жоғалып,
Атырабы курорт болып келеді.
Топырағы құнарланды қайтадан,
Құс көбейіп бұрынғыдай айтады əн.
Дегелең мен Саржалдарда
ешқандай,
Дерттің болмайтыны байқалған.
Дей алмаймын той қызығына тоя алдым,
Тал бойыма бір адамдай ой алдым.
Үй ішінің дыбырынан еріксіз
Түс бұзылды.
Тəтті ойымнан ояндым..
Қалқаман, 7-ші емхана.
Тамыз, 1997 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу