Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  82


Автор: Құл-Керім Елемес

АЗ БЕН КӨП

Адамның пендесі көп, адамы аз,
Себебі хақиқатқа қадамы аз.
Адамның адамы көп болу үшін,
Болу шарт Хақ танымас наданы аз!
Аллаһын танымаған надан болмақ,
Құдайсыз надан қайтіп адам болмақ.
Аллаһын танып құлдық етпегесін,
Надандық адамдағы содан болмақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу