Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  107


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛАҢ

Анық жайлы асқақ ән,
Дәуір болды шын бұққан.
Тас қараңғы қас надан,
Алға озуда шындықтан.
Саналуда білімсіз,
Ақиқат пен шынды ұққан.
Бас тартпауда ғылымсыз,
Құдайсыздар сұмдықтан!
Обал болды анығы,
Сәбилер мен жастарға.
Жолға ақиқат қанығы,
Көрсетілмей бастарға.
Хақ ісіне бастырмай,
Хақ ғылымға жолатпай,
Хақ Құранын аштырмай,
Жоюда, әттең, жол – ақты-ай.
Дін ісіне тік қарап,
Дінсіз сөзді төкпелеп,
Дінсіз істі тықпалап,
Жатыр жастарға екпелеп.
Дін жайлы көп жақ ашпай,
Хақтың атын да ататпай,
Қурап қалған ағаштай,
Босты ұлықтап атақтай,
«Бисмилләһи» дегізбей,
Аллаһ атын аластап,
Тек жалғанды негіздей,
Айналдырып таласқа,
Хақ илаһи шындыққа,
Надандықпен жұмып көз,
Шайтан құптар сұмдыққа,
Ақыл, сана, тұнып көз.
Сөзде жалған «Құдай» деп,
Намаз оқып көз қылып,
Шыны жанда Құдай жоқ,
Тек жалғанды сөз қылып,
 Хақты оларға білдірмей,
Елдің жарқын ертеңін,
Қоюда, әттең, ділгірлей,
Өшіріп ел өркенін.
Солай арсыз қаптауда,
Балдырғанның асына.
Хақиқатты таптауда,
Келгенді істеп басына.
Тосуға, әттең, жоқ дәрмен,
Жүрек босқа тулауда.
Алысқасын сотқармен,
Жанда қайғы шулауда.
Құдайсыздық осылай,
Жас сананы бұзуда.
Бұл сұмдыққа шошына-ай,
Тіл мен жүрек қызуда...
Білмек Саған тән, Аллаһ,
Тек Өзіңсің Бір-ақ Хақ!
Тек Өзіңсің пана, Аллаһ,
Кешір кетсем жырақ қап?!
2012.2.4




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу