Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  89


Автор: Құл-Керім Елемес

ИНШАЛЛАҺ

Салған көпір,
Не мектеп,
Немесе еккен бақ сынды,
Артымда қап емектеп,
Асқақтатар жақсымды.
Алар жаттап бар өрен,
Көңілдерін көнші етіп.
Жалғыз шумақ қара өлең,
Қалдыра алсам енші етіп.
Екі-ақ тармақ немесе,
Алтынсарин көзіндей –
Оқыса кім он есе,
Сауап жиған сөзіндей -
 Сөз қалдырсам жетер ед,
Әрі жарық, әрі шын.
Оқығанның еселеп,
Ашатұғын ғарышын.
Себебі әр ғасырдан,
Жетті бізге тармақ бір.
Жебедейін атылған,
Жетесінен саулап нұр.
Хақ үні бар демінде,
Хақ шындық бар діңінде,
Жыр жаза алсам менің де,
Жанар бағым түбінде.
Иншаллаһ!
2011.8.24




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу