Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  105


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ.

Жас болдық қайрат жігер бойды кернеп,
Қылаңдап қызды көрсек қылып ермек.
Көрініп кеде әсерсіз тоң мінездер,
Кей кейде жеңіл мінез қағып елбек,
Ойладық кейінірек ойлы арман,
Тырнақтап дүние жиып қолда бардан
Досыңнан артық болып сол дүниең,
Өмірім өтпейтіндей мынау жалған.
Орта жас ойландырып, салды ойға,
Жиырма бес қайта келмес, ондай қайда.
Табиғат өзі берген өнерлерім,
Жүректі жатқызбайды тіпті жайға.
Құлашты кеңге сермеп жайып келем,
Дүниесіз – баламен байып келем,
Баласы көп-жігітке ол да дәулет,
Азаматтар өсірмес, айып па екен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу