Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  105


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

БАБАМ БИШЫМЫРҒА

Дүрбі алып тауға қарау,
Жұмысым жоқ түк басқа.
Баба жолын тек қайталау,
Күнде шығам жүктасқа.
Бабамтасы көрінеді
Ерттеп қойған аттайын.
Әрбір ісін ақылға сап,
Тыныштықта жатпаймын.
Шыққан сайын отырамын,
Кең жазира төрінде
Құлағыма үн келгендей
–Күнде шыққын ерінбе, –
Қайран бабам отырыпсың
Жаннат жердің төрінде
Өлген жоқсың ұрпағың бар
Мен отырмын жеріңде.
Баба сендей болсам деймін
Бала кезден арманым
Сізге ұқсаудың қамын жеймін
Сонда сендей болғаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу