Аңыздар ✍️

  26.01.2022
  145


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

ЖИРЕНШЕ МЕН ҚЫЗЫЛЫМ

Бір жолы Қызылым карт Жиреншеге жолығып:


– Шешен, сізден бір сұрайын деген сөзім бар еді, - дейді.


– Сұраңыз,- дейді.


– Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідер жоғалттым. Осыған құлақтас болыңызшы!- дейді.


Жиренше:


– Ақсақал, тоғызыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. Он бес жас - құйын қуған желмен, жиырма бес - дауыл ұрған перімен, отыз бес жас - ағып жатқан селмен тең. Қырық бес - аю аспас белмен, елу бес - ерттеп қойған атпен, алпыс бес - арқандап қойған атпен тең. Жетпіс бесте – көңілің - жермен тең, сексенде - селкілдеген шал боласың, тоқсанда - толық миың орта түсер, жүзде - күдеріңді үзе бер: өлмесең де, өліден кем боларсың!- дейді.


– Әттеген-ай, өзім жиырма бестегі жігіттей едім! Көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған екенмін!- деп, Қызылым қарт жантая кеткен екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу