Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  125


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Ақ білектер

Ақ бiлектер ұстата ма,
Ақ тамақтар сүйгiзiп?..
Кәрi мерген құсты ата ма,
Қанатына тигiзiп?..
Көңiл, сенiң ынтығыңның
Бiрi жақын келмейдi.
Кәрi мерген мылтығыңның
Қарауылын көрмейдi...
Көңіл шiркiн төзбейдi екен,
Қыз қарамай өтсе де.
Қарт мерген де көздейдi екен,
Қу далаға кетсе де.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу