Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  109


Автор: Арман Шеризат

Хат

Бір жылылық байқадым келбетіңнен,
Әсер осы алғашқы кездесуден.
Қыз іздеген жігіттің бірі емеспін,
Нұр іздеген ақынмын жер бетінен.
Саған ерсі көрінер бұл қылығым,
Жарасымда алдымда қымсынуың.
Шырайлана бердің-ау көз алдымда,
Құдайға да сезімім — құлшылығым.
Жігіт — арман , қыз — үміт, алып ұшқан
Сенде үмітсің жаралған жаны құстан.
Уақытта емші бола алмас, тәтті мұңым
Татып көрші, мендегі сағыныштан...
Жан түсінбес бір әлем ішкі мұңым.
Оны зерттеп, бола алмас еш ғылымың.
Азаттыққа ұмтылғам амалым не
Сені сүйген жүректің тұтқынымын.
 Орман сынды санамда ойым қалың,
Арыла алмай сәт-сайын қоюладым.
Жаратқаннан сырымды жасыра алман.
Мойындау ма ал енді мойындадым.
Білесің бе жүректің түкпірінде
Саған арнап бір шоқ гүл қойылғанын.
Әй, ерке қыз, шынымен дертім бе едің?
Көңіл қошым кірмеді-ау сенсіз менің.
Былғап алма, жанымды ұсынайын
Ал қай жаққа бастайсың еркіңдемін.
Алапатқа айналсын мендегіұшқын,
Махаббатқа мәңгілік сертімдемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу