18.01.2022
  261


Қоғамдағы өзекті мәселе - жемқорлық

Қазіргі кездегі Қазақстан алдындағы ең өзекті мәселе не екен? Менің ойымды кейде осындай сұрақтар толғандырады. Мен өз елімнің болашағы үшін, ұрпағым үшін расы керек қатты алаңдаймын. Себебі ел біздің әрқайсымыздың жауапкершілігімізде.Ондағы мәселелер бәрімізге де ортақ деп білемін.


 


Бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселе жемқорлық болар. Бұл жемқорлық бір елдің экономикасын түбегейлі жойып жіберуге де қауқарлы індет секілді. Онымен дер кезінде күресіп, мүлде тарап кетуіне жол бермеу керекпіз. Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Ол тыйылмай елдің гүлденуі мүмкін емес.


Сыбайлас жемқорлықты көрген, байқаған, құрығына ілінген азамат ол жайнда мемлекеттік органдарға хабар беруге міндетті. Жемқорлар жемтігін іздеген аш қасқыр секілді келеді. Олар тек қара-қан басының қамын ойлайтын, ел басына күн туғанда басын ала қашатын адамдар.


Ел боламын десең бесігіңді түзе дегендей, мектепте бізге жемқорлыққа қарсы түрлі ашық сабақтар өтеді. Мұндай сабақтарда мен ел үшін адалдықтың қаншалқт маңызды екендігін түсінемін.


Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу