10.01.2022
  273


Автор: Жібек Ысқақова

Туысқандар, туыс жандар!

Туысқандар, туыс жандар,
Беретұғын дұрыс бағдар.
Көп болсыншы лайым әркез,
Кездеріңіз биік самғар.

Туысқандар, туыс жандар,
Сәл нәрсеге ұрыспаңдар.
Бір-біріңді қолдаңыздар,
Жақсылықтың үнін жалғар.

Туысқандар, туыс жандар,
Көңілдерің таудай заңғар.
Болыңыздар амандықта,
Қуанышта атып таңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу