10.01.2022
  675


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайынның орны бар өзгермейтін!

Ағайынның орны бар өзгермейтін,
Орны бөлек еш нәрсе тең келмейтін.
Ағайынсыз жанымыз тұман болып,
Күйге енерміз қараңғы көз көрмейтін.

Ағайындар — бөлшегі жанымыздың,
Ағайындар — құрамы бағымыздың.
Қиын сәтте табылар қасымыздан,
Ағайындар — қорғаны арымыздың.

Ағайындар көштерің алға бассын,
Амандықта, саулықта жүрек үндеп.
Бар жақсылық шынайы орнай берсін,
Шын жүректен айтылар бізден тілек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу