10.01.2022
  356


Автор: Жібек Ысқақова

Ағайындар, сіздер барда

«Ағайындар бар кезде ат көп» деген,
«Абысындар бар кезде ас көп» деген.
Ағайындар, абысындар тату болса,
«Сыйласатын қашанда бас көп» деген.

Сыйластықтың белгісі бұның бәрі,
Ол бар болса береке-бақ орнайды.
Ынтымақ пен бірліктің арқасында,
Ең керемет ғажайып сәт орнайды.

Ағайындар тек аман болыңыздар,
Толған айдай ғажайып, толыңыздар.
Сіздер барда ағайын көңліміз жай,
Әсер етпес болса да өмір ызғар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу