Өлеңдер ✍️

  04.01.2022
  422


Автор: Жібек Ысқақова

Ғашықтар күні құтты болсын!

Ғашықтардың күнінде жанданыңдар,
Қос ғашықтар тербеле ән салыңдар.
Пәк сезімді білдіріп жүректегі,
Ғашықтардың бұл күнін қарсы алыңдар.

Сезімдерің мәңгілік алауласын,
Жүрекиерің ғашықтар бірге үндеп.
Құлпырыңдар көктемдей ғашық жандар,
Бүршік атқан талдайын бірге гүлдеп.

Сезімдерің ұлассын мәңгілікке,
Қос жүректің дүрсілі бірге соғып.
Кенеліңдер бақытқа оу ғашықтар,
Бастарыңа таусылмас бақыт қонып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу