22.12.2021
  663


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Жалғыздың монологы

 


Ли Ао


Әңгіме


Оқу бітірген күні кешке мен қатты мас болдым, мас болмасқа шарам жоқ еді! Мастықтан көзім бұлдырап, тіпті таныстарымды да танымай қалдым. Оқу бітіргеннен кейін барлығы жан-жаққа кетеді, ал мен?  Мен болсам әтеш сияқтымын, қанатым бар, бірақ ұша алмаймын, тек ұша алмайды емес, тіпті жерден де көтеріле алмаймын.


Түннің  ортасын дейін төбелесу, болмағанда  өрмелеу..... таудың түкпірінде, адам баспас аралда, көшпелі құмдарда, шыжыған ыстықта, ентіге топырақ- топырақ қолыммен терімді сүртіп,  кейде басымды көтеріп, аспандағы құстарға қараймын, бірақ олардың қандай құс екенінде білмеймін бұның барлығыда өмір.


Ай тағы да толды, мен  елге оралу үшін әскери кемеге отырдым. Көп соғыс болмаса да , даңқымыз шықты. Мен іштей «ұят!» дедім. Кампустың ішінде азалия өсімдігінің гүлдейтін шағы болатын, ашық қызыл, қардай аппақ  болғаны соншалық, көзді шағылстырады. Өкініштісі,  бұл әдемі гүлдердің арасында жүргендердің бәрі жас ғашықтар, олар біздің орнымызға отырды, біздің жастық шағымазды ұрлады.


Бірақ жастарды көрген кезде, мен өзімді қарт деп мүлде сезінбеймін.  Керісінше, мен өзімді солардай  жас сезінегім келеді. Ай сайын тойға шақыру билетін көріп мазам кетіп жүр.  Жастар бірітіндеп жанұя құрып, бала-шаға өсіруде, ғашықтардың өздерінің үйі бар, жастар алыс жақтарға  күйеуге шығып жатыр. Бұл жақсылық. Күн сайын газеттен ашық қызыл түсті үйлену тойының хабарландыруын көріп, шошимын! Үйлену жайындағы жаңалықтарды маған түк қатысы болмаса да, мен сонда да газет беттерін күлімсіреп ашамын. Мен қазір отыздағы әйелдің сыйлаған қызыл сөмкесінен басқа қызыл түсті заттардың бәрінен қорқамын!


Ескі досым мені бәрін қайтадан бастауға көндірді. Әжем маған басқаны қойып немере бақ деді, көпшіліктің көзқарасы осындай. Мен де сасқалақтай бастадым. Бірақ асығудың қажеті не? Мен билей алмаймын, шіркеуге бармаймын, елдің құлағына жағымды сөздерді де айта алмаймын.  Қыздарды да өзіме баурай алмаймын. Үйде қарындастарым көп болса да, олар менің  басымнан  өткен көптеген оқиғаларды білмейді, бірақ олар іштерінен бәрін сезеді, кейде маған ренжіген кезде бүкіл құпиямды бәріне жария етпекші де болады.


Менде амалсыздан темекі тартып, ашуландым. Шай да ішпедім, тамақ жемедім,  кейде тіпті арақта ішпей, темекіде тартпадым . Америкадағы оңтүстік пен солтүстік арасындағы соғыс кезінде, командир Ли темекі тартуды ұнатпайтын болғандықтан, жеңіліп қалыпты.  Генерал Грант  темекіні жақсы тартындықтан,  барлығы өте сәтті болды.


Мен жүз тоғызыншы «Синлыюань» темекісін тартқан кезде, менің көзім ашылды, ішімнен былай деп ойладым « мен уақытты да мықты ұстай алмаймын», «әйелді де басқара алмаймын», онда неге жалғыздық идеясын ұстамасқа? Венестің бір қолынан айырылғаны сияқты, адам өмір бойы жалғыздық идеясын ұстағысы келмейді. Басқа сөзбен айтқанда, күйеу міндетті түрде өзінің өмірінің кейбір шақтарын әйеліне жанұясына арнауы керек. Ақшаның болмауы, тәрбиелейтін бала-шағаңның  болмауы, жападан –жалғыз, онда сен өзіңнің қайда жүргеніңді де білмей қаласың, ол туған жерің бе, әлде ешкім аяқ баспаған шөл дала ма, әлде теңіздің асты ма, әйтеуір өзің емін-еркін жүресің. Бұл да бір батыл іс! кейбіреулер сияқты күні бойы жылай беруге болмайды!


Дұрыс! Бастамасы дұрыс, мен темекіні тастадым. Жалғыздық тек қана әйелінен, бала-шағасынан шаршау емес, бір сарынды өмірден шаршау: Ньютон ешқашан үйленбеген, бірақ 80 жыл өмір сүрді; Канттың әйелі болған жоқ, 84 жыл өмір сүрді; Микеланджело өмір бойы бойдақ болған, 80 жасында қайтыс болған, жалғыздықтың пайдасы қандай үлкен десеңші! Сонымен қатар ұлы адам болуға болады. Бұрыңғы ата-бабаларым « ер адам өзінің бойдақтық өмірімен сақ болуы керек» деп отыратын.


Бірақ, мәселе мынада, жалғыздық өте үлкен ерлік болғанымен, ол жақсы емес,тіпті Сун дәуіріндегі монах сияқты болып кетуің мүмкін.


Сөйтіп елу жыл өтті. Өмір бойы бақытты ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар үшін өте маңызды, ал жалғыз адамға, қартайғанда әйелің де жоқ ұрыссатын, немерең де жоқ аяғынды сындыратын, соншалықты ұзақ өмір сүрудің керегі не? Сонымен қатар, «қартайған адам өлмесе ұры болады»,  қартайған шақта, тіпті «өзіңді тыйсаң да», жалғыз болған соң бәрі күдіктене қарайды.  Мысалы айтсақ, бір күні тонау болған кезде ол соған қатысты бар деп  сені қарт ұрлықшы  деп атайды. Ондай атаққа ие болғанды кім қалайды?


Қазір мен жалғыз өзім күн кешудемін. Мен енді қайтадан жүз тоғызыншы «Синлыюань» темекісін тарта бастадым.


Темекінің түтіні менің бұрын ұмытылып кеткен оқиғамды есіме түсірді: біздің сұлу Лю ханшайымымыз  Хийхуа емханасынан келді. Бүкіл қабырғаға сүйктісінің суреттерін іліп қойды. Мен оны көріп таң қалдым. Себебі біздің Лю баяғыдан сол жұлдызға ғашық. Ілініп тұрған бұл суреттетді бізге қолмен ұстатқызбайды. Соңғы кезде Лю өзгеріп кетті.Анам бір нәрсе болып қала ма деп қорқып, маған барып көріп келуді бұйырды. Барсам, Лю көзінен жас ағып, былай деді: «Менің ғашығым мынау жұлдыз қы, ол биыл үйленіпті, сондықтан мен оның суреттерін алып тастаймын, бірақ оны өртеудің қажеті жоқ, мүмкін ажырасар!»


Людің айтқаны маған бір ой салды: Неге мен өзімнің қарттық шағымды қайғымен өткізуім керек? Егер бұрыңғы кезге қайтатын болсақ, мен міндетті түрде өзімнің ескі махаббатымды табар едім. «киім қайтадан жаңа болмайды, адам бұрыңғы кезіне қайтадан қайтпайды», Бірақ  күн батқан кезде бұлт өз орнында қалады.


Автор туралы мәлімет:


Ли Ау , ер (李敖li Ao 1935-)


1935жылы Харбин қаласында туылған.


1937от басы Беи жиңге көшіп барған.


1949 жылы Шаңхай қаласында орта мектепте оқыған. Сол жылдың желтоқсанында Тайуанға көшіп кеткен.1954 Тайуан заң университетінде білім алған. Кейінен тарихтан магистратура оқыған. 1963 жылы оның《传统下的独白》алғашқы кітабы шықты. 1964《野鸽子的黄昏》атты кітабы шықты.1966 жылы《孙逸仙与中国西化医学》кітабы баспадан шықты.1979 жылы маусым айында оның《传统下的独白》атты кітабы қайта басылып шықты, сонымен бірге оның《李敖文存》《李敖文存二集》қатарлы кітаптары басылды.


1980жылы оның《李敖全集》 жинағы баспадан шықты. 2004жылдан бері ол Ганкониктағы凤凰 теле арнасында《李敖有话说》бағдарламасын жүргізеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу