Өлеңдер ✍️

  21.12.2021
  482


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

Бақыттың, қуаныштың көзісіңдер,
Ізгілік, ілтипаттың өзісіңдер.
Қақа жарған қара қылды әділ бидей,
Түп-түзу ақиқаттың тезісіңдер.

Сабырға, ақылға да жетіксіңдер,
Тас түйін байлаусыңдар, тетіксіңдер.
Бар өмір бағыт алған өздеріңнен,
Жалын ап от ұшқынды көздеріңнен.

Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу