Өлеңдер ✍️

  18.12.2021
  404


Автор: Серікбол Хасан

Бабалардың ерлігі

Қызықпаймын басқаға,
Тарих қымбат мен үшін.
Баяндаймын шаттана
Бабалардың жеңісін.

Сұрасаңыз, барлығын
Қайталаудан талмаймын.
Отан үшін дәл бүгін
Жанын қияр жандаймын.

Ел сақшысы ер ғана,
Жерін сүйген жанымен.
Қорғалған бұл кең дала
Бабалардың қанымен!

«Елді арылтып құлдықтан,
Жанын берді мың арыс.
Бабаларға сондықтан
Қарыздармыз мына біз».

Деген сөзін ұстаздың
Құйып алдым санама.
Тарихыма құштармын,
Қайсар рухты бабама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жібек
Жібек 10.03.2022 19:59
Маған қатты ұнады, өте керемет жазылыпты әрі жаттауға ыңғайлы, ықшамды екен керемет??

Пікір жазу