Өлеңдер ✍️

  03.12.2021
  263


Автор: Дилбар Маликова

Соңғы аялдама...


Иә, адамдар! Бұл заңдылық білеміз,
"Өмір" дейтін автобусқа мінеміз.
Алдымызда аялдама өте көп,
Бекетіміз жеткен кезде түсеміз.

Пендеміз ғой, түсінеміз, түйеміз,
Терезеден қарап кейде күлеміз.
Өзгелердің қайғы-мұңын тек қана,
Басқа түскен кезде ғана білеміз.

Біздер солай сүрінеміз, құлаймыз,
Бастарымыз тасқа тисе жылаймыз.
Тойынғанда еске алмаймыз көбіне,
Қиналғанда Жаратқаннан сұраймыз.

Төрт мезгілді осылайша тосамыз,
Жүйрік оймен арманға қол созамыз.
Уақыттан да, өмірден де түбінде
Біле білсек, біз адамдар озамыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу