Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  131


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

Қош

Аттанып бара жатыр көшпелі күз,
Күзбенен бірге аттандық көшкелі біз.

Көңілмен ұзап енді көршілерім,
Өз жеріне қайты енді өршіл ерің.

Қайтара алмай қалдым – ау көрші ақысын,
Кешіріңдер кей кезгі кер шатысын.

Кешіріңдер кей кезде ағат бассам,
Әйтеуір кешірмеңдер дәм аттасам!

Еліме барсам шерім шығар қайғым,
Есімнен сендерді еш шығармаймын.

Аттанып бара жатыр көшпелі күз,
Қош болыңдар, аттандық көшкелі біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу