Өлеңдер ✍️

  28.11.2021
  453


Автор: Аслан Ғафуров

РҮСТЕМ ӘМІРҒАЗЫҰЛЫ ДОСЖАНОВ досымның туған күніне тілек!

ҚР Спорт саласының үздігі, ұлттық сопрт ойындарының жеңімпазы, белгілі ат бапкері РҮСТЕМ ӘМІРҒАЗЫҰЛЫ ДОСЖАНОВ досымның туған күніне тілек!

Рахымды Алла! ризамын ескерген,
Рүстемдей маған алтын дос берген.
Рахмет! саған достым аман-жүр,
Раббымның бұл ұлы сыйы ДОС деген.

Үміт артты жастайыңнан Ата-Анаң,
Үмітті үзбей келесің сол қатардан.
Үлгі болып отырсың бір әулетке,
Үлкендердің өзі үлкен үй атаған.

Сәйгүліктер сен баптаған қорада,
Сауырынан тер моншақтап додада.
Сағым болып топтан озып келгенде,
Саған тақым қысты қанша Ақ-Ана!

Тұлпардайсың! Әкең марқұм баптаған,
Текті- ұлсың, тектілігін сақтаған.
Туған елдің тұлғалы бір ерісің,
Туған жердің топырағын таптаған.

Ел дегенде елжіреген жүрегі,
Елің сені Ер-Жігіт деп біледі.
Елдің атын-Ер шығарар деген бар,
Елің саған тілекші ғой үнемі.

Марқасқам-ау! маңайыңа маза бер,
Мамыражай ғұмыр кешсін ҚАЗАҚ-ЕЛ.
Маңдайыңа қанша сынақ жазғанмен,
Маңмаңкерім мыңқ етпе сен оза бер!

Ізгі тілекпен: Аслан Ғафуров.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу