23.11.2021
  116


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Атыспақ

« Атыспақ» – ерте замандардағы қазақ халқының ерлік-серілік өнері, сондай-ақ, өзін қорғап, қас жауларына қайтарма соққы берудегі


ерен өнерлерінің бірі.


 


Ертеде əрбір отбасы ұл-қыз демей ұрпақтарына садақ тартып, сақ- пан лақтырудың, мылтық атып, тас лақтырудың əдіс-амалдарын мұ- қият үйретіп, ұрпақтарын жастайынан Отанын, халқын, елі мен жерін қорғауға баулып отырған.


Атыспақ өнері басқа өнерлерге қарағанда біршама күрделі əрі нə- зік өнер болғандықтан, алдымен балаларға ату құралдарының ерек- шелігі мен қасиеттерін егжей-тегжейлі үйретіп, оларды ұстау, ату, күту əдістеріне жан-жақтылы жаттықтырады. Онан соң «қара» қо- йып жəне аң-құс атқызып, атыспақ өнерінің қыр-сырына əбден қа- нықтырады.


Бұл өнер ұрпақтарды мергендікке дағдыландырып, нысанаға алу, көздеу, ату өнерін жетілдіреді. Ұрпақты қайсарлыққа, шөгелдікке дағ- дыландырып, денелерін шыңдап, шынықтырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу