23.11.2021
  66


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Алыспақ

Aлыспақ – ат үстіндегі жəне жаяу балаларға бірдей үйретіле- тін өнер. Бұл өнерде тəжірибелі кісілер балаларға қарсыласымен алысудың алуан түрін үйретумен бірге, бұрау, қайыру, қайқайту, шалу, буындыру, тебу, байлаудың да сан түрлі тəсілдері мен айла-амалда- рына егжей-тегжейлі машықтандырады. Бұл өнер ұрпақтардың өзін қорғау қабілетін арттырып, денесін шыңдап, дені сау болып есеюі-


не негіз болады. Алысу мен шалысудың қыр-сырын жетік меңгерген балалар есейгенде жауырыны жерге тимес балуан; дұшпанын бұқты- рып, қарсыласын ықтыратын, ақыл-айласына, күш-қуаты сай атпал азамат болып есейеді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу