23.11.2021
  77


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Қарғымақ

« Қ арғығанды білмеген – тірі ғаріп» деп қазақ халқы «қарғу, секіру, аттаудың» үлкен өнер екендігін ұрпақтарына ұғындырып,


«қарғымақты» түрлі кедергі, тосқауылдармен ор, арда, су, жар, сон- дай-ақ, қатерлі жағдайлардан құтылудың құралы есептеп, ұрпақтары- на жастайынан аттау, қарғу, секірудің сан қилы əдіс-амалдарын үйре- тіп отырған.


Мысалы, «қарғымақ» өнерін үйретуде тəжірибелі кісілер биік сөре- ге арқан-жіп керіп, көлденең кедергі ағаш қойып секіртіп, сондай-ақ, ор, арда, жар, су, тас, дауал қатарлылардан қарғытып, балаларға қарғу мен секіруді егжей-тегжейлі үйретеді.


Қарғымақ балаларды жалынды, жігерлі болуға жетелейді. Əртүрлі қиын сəтте жол табуға тырысатын, қайсар, қағілез, үміткер, ержүрек етіп жетілдіреді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу